Өлең, жыр, ақындар

Тоғай мен от

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 752
Досты жөндеп таңдағын.
Қиянатшыл, кеудесінде болмаса ар,
Ондай жолдас ор қазар.
Қаскүнемнің қаппау үшін қармағын,
Мысалымды аңдағын.
* * *
Қыстың күні бықсыды От Тоғайда,
Қалған білем жолаушының бірінен.
Бірте-бірте өлімсіреп со бойда,
Сөнуге де жақын қалды шынымен.
Тоғайға ол тіл қатты әлсіз үнімен:
«Айтшы маған, Тоғайым-ау қымбатты!
Құдай сені қалай сорлы жаратқан?
Ажырап бар жапырақтан, дарақтан,
Суық өтіп, қалтырайсың тым қатты».
«Тұрғандықтан қар көміп,
Қыста қурап, көктемеймін әл кеміп», –
Деді Тоғай жөнімен.
«Сөз емес ол! Жолдас болсаң менімен,–
Деді сонда От, – көмектесем қол беріп.
Күннің нағыз інісі мен боламын,
Қыста да көп ғажап жасай аламын,
Жылытқыштан сұра барып нанбасаң:
Қатқанымен сыртта қыстың қырауы,
Қиярларың онда пісіп тұрады,
Маған ырза ел әрқашан.
Мақтану деп ойлағанмен мұның тек,
Мақтануды жөн көрмен,
Бірақ, Күннен өзімді еш кем көрмен.
Күн қаншама тұрғанымен күлімдеп,
Қарашы өзің, қарды еріте алмайды,
Ал, мен жатқан жерде түк те қалмайды.
Жапырақ жайғың келсе қыста наздана,
Көктемде де, жазда да,
Бір бұрышыңнан орын бер».
Солай болды. Отты енді көріңдер,
Алаулап ол үлкен Отқа айналды:
Бұтақтардан бұтақтарға алмасып,
Қою түтін кетті көкпен жалғасып;
Жалын тілі ен Тоғайды жайлады.
Бәрі бітті – өрт орынын қара, бар:
Жолаушылар енді қайда паналар?
Қалды кілең күйген томар, қадалар.
Оған ешбір таңданба:
От пен Ағаш достасқан ба жалғанда?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір досыма

  • 0
  • 0

Қырыққа келмей,
Ырыққа көнбей,
Есірген есер шағыңда,
Күлдің-ау балқып,

Толық

Құдайым сені ғажап мүсіндеген

  • 0
  • 0

Құдайым сені ғажап мүсіндеген,
Оны ешкім менен артық түсінбеген.
Қадалып біреу саған қарай қалса,
Өң түгіл қызғанамын түсімде мен.

Толық

Қайта құрылған команда

  • 0
  • 0

Барлық жерде қызу іс жүріп жатыр:
«Қайта құрып» жатыр.
Футбол командасы «Жігердің»
Басшылары бірер күн

Толық

Қарап көріңіз