Өлең, жыр, ақындар

Есек

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 831
Юпитер кеп, аң, құстарды ап есепке,
Жаралғанда күллі әлем,
Жаралыпты Есек те.
Тап осындай уақытта дүрбелең
Кей нәрсені білмеген
Жаратушы десек те:
Титімдей қып, Есекке бой бермепті,
Содан оған ешкім көңіл бөлмепті;
Бірақ та, ол кем емеспін мен депті.
Есектің шын үлкейгісі келіпті,
Маған бой ма мына бой?
Юпитерді көп мазалай беріпті:
«Титтей болу күнә ғой.
Шіркін, бойым биігірек болар ма?
Кешіріңіз, – деді, – қызық тәрізді,
Қошеметтеп Арыстан, Піл, Барысты,
Шеттерінен жол береді оларға
Үлкен, кіші жабылып,
Тек соларға жатқандары жағынып,
Біз дегенде қалыпсыз-ау тарылып,
Қайтып болды меселім.
Бой берсеңіз, жібермес ем намысты,
Көрер едім Арыстан, Піл, Барысты,
Оңдар едім бар істі!»
Осы сөзін Есегің
Зевске де жеткізді,
Өз тілегін өткізді,
Қақсап жүріп неше күн.
Есек енді тез өсіп,
Шыға келді ірі малмен теңесіп.
Боймен бірге ащы дауыс қосыпты,
Айқаймен ол ен тоғайды шошытты.
«Қандай сұмдық? Қайдан шыққан асыл бұл?
Тісі өткір, мүйізі де көп болар», –
Деп аң біткен, даурығысты текке олар,
Бір жыл өтпей болды әшкере масыл бұл.
Есек сыры білінді,
Ақымақтықтан мысалға да ілінді;
Енді бүгін сол Есек су тасып жүр.
* * *
Неге керек биіктігі бойыңның?
Басып тұрса төмендігі ойыңның.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қосылу

  • 0
  • 0

Қыз бен жігіт жылады қосыларда,
Қосылудан қос жүрек шошынар ма?
Қайран болып басқалар қала берді
Не жетпейді екен деп осыларға?

Толық

Сен болмасаң Сәруар

  • 0
  • 0

Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны білер ме ем?
Өмірдің не мәні бар,
Ішкіш болып жүрер ме ем?

Толық

Қарға мен түлкі

  • 0
  • 0

Ірімшікті тауып алып Қарға,
Қонды барып талға.
Оңашада бөлек
Ірімшікті жемек.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер