Өлең, жыр, ақындар

Маймыл мен көзілдірік

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 910
Қарт Маймылдың тартты көзі көмескі,
Ұқты жұрттан кеңесті.
Ол дегенің онша қауіп емес-ті:
Көзілдірік керегі,
Сатып алды, қымбат екен демеді.
Айналдырды көп тегі:
Бір сипалап, құйрығына қадады,
Бір иіскеп, бір жалады,
Көзілдірік, бірақ, әсер етпеді.
«Тфу! – деді – Ақымақ-ау өзі де,
Сенген жұрттың сөзіне:
Әйнек жайлы жалған айтқан қас қылып,
Бұдан титтей пайда жоқ».
Содан кейін көздеріне жас тұнып,
Көзәйнекті айда кеп,
Талқан етті тасқа ұрып.
* * *
Бұл секілді адамдар да болады:
Парқын білмей, кейбір затты бағалы,
Өз парқынша пайдасыз деп ойлайды;
Надан болса шамалы,
Көзін құртпай қоймайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыңға шықтым

  • 0
  • 0

Мен өзім табиғатқа шын ғашықпын,
Сол үшін көк тіреген шыңға шықтым.
Көзімді тарта берді күн шығыс жақ,
Білмеймін, кімге асықтым, кімге асықтым?

Толық

Еркіндік

  • 0
  • 0

Келіншегің көркем екен, жігітім,
Көздеріне қадаласың күні-түн.
Көп ішінен кейде біреу сұқтанса,
Қызғанасың үзілердей үмітің.

Толық

Бір қақпайлар

  • 0
  • 0

– Жаңа міндет ұнай ма?
– Шүкіршілік Құдайға.
Бастығымның қолында
Домаланған добымын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар