Өлең, жыр, ақындар

Арыстан мен барыс

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2518
Жеткен гәп қой алыстан,
Көп соғысты Барыс пенен Арыстан,
Орман үшін, тұрақ үшін таласып.
Заң жүзіне болсақ көңіл бұратын,
Күші жоқтар қалар жиі адасып.
Көрсетсе кім қуатын,
Сол әділ боп шығатын.
Сол соғыстан жүйкелері жұқарып,
Тырнақтары да мұқалып,
Істің дұрыс шешілуін құп алып,
Тоқтатпақшы болды олар соғысты,
Тыйып барлық бүлікті.
Содан мәңгі тыныстауға келісті,
Туғанша бір іріткі.
«Хатшы сайлап алайық,
Соған салмақ салайық, –
Деді Барыс досына, – бар билікті берейік,
Айтқанына көнейік.
Мен, мәселен, белгілеймін Мысықты,
Көріксіздеу демесең, ары таза, пысық-ты.
Сен өзіңе Есекті ал: лауазымы жоғары.
Құлақ салсаң жұрт сөзіне иланып,
Бұл маңайда ондай хайуан жоқ әлі.
Қораңдағы барлық аңдар жиналып,
Тұяғына тұрмайды.
Тоқталайық осыған».
Осыдан
Екеулері мақұлдасты бұл жайды.
Арыстан тез Барыс ойын қолдады,
Құптады,
Есек емес, Түлкі болды сондағы
Өз ойынан шыққаны.
Түлкі күлді ішінен (көп көрген ғой өмірде):
«Дұшпан кімді мақтаса, қайыр күтпе тегінде».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қасқырдың монологы

  • 0
  • 0

«Адам мені Қасқыр деп,
Қас албасты басқыр деп,
Қатал үкім шығарған:
Қасқыр көрсең, басқа ұр! – деп.

Толық

Солған адам

  • 0
  • 0

Көздеуменен қара бас, құлқын қамын,
Атақ пенен даңқа ұмтылмағын.
Біле білсең ұлықтар ұлтың барын,
Мүмкін емес ешқашан ұмтылмағың.

Толық

Ауырған келіншек

  • 0
  • 0

Күйеуі келді досымен,
Келіншегі тұрмады.
Танғандай боп есінен,
Ыңырынып тынбады.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар