Өлең, жыр, ақындар

Бұлақ

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1176
Бұлаққа айтты малшы жапа шеккенін,
Қайғы-мұңын, басқа түскен күйікті:
Қозысының сүйікті
Өзенге ағып кеткенін.
Бұл сөзді естіп, деді Бұлақ еліріп:
«Тойымсыз-ай, сенің суық түбің де,
Ұқсап менің түріме
Жатса айқын көрініп,
Қомағайлық, мешкейлігің танылып,
Жұтқаныңды білер еді түгел ел,
Тесік болса, ұялғаннан кірер ең,
Өмір бойы тас түнекте түнер ең.
Мен де сендей ағылып,
Жатар болсам суым шалқып, әлденіп,
Табиғатқа сән беріп,
Тауыққа да тимес ем,
Жай жылжыр ем, тасуды да білмес ем.
Әр үй, бұта тұрар еді жөнімен!
Алғыс айтып сонда барлық жағалар,
Жайқатылып жасыл құрақ қоғалар,
Жапырақ та ақпас еді менімен.
Тек жақсылық жасау болып салтымда,
Ешқашан да қасірет, мұң дегізбей,
Суым барып құя еді теңізге,
Ақ күмістей жарқыраған қалпымда».
Сондай ойдың келгені рас Бұлаққа,
Ал, не болды? Өтпей жатып бір апта,
Жақын таудан қара бұлт жөңкілді
Қуатты.
Бастауларды тез арада сел қылды,
Қайда кетті момындығы Бұлақтың?
Тасып ақты лай суы толқынды,
Жетіп жатты үні алыс кезеңге.
Ал, малшымыз налып сондай өзенге,
Мұңлы ән салса жасын төгіп, егіліп,
Ағып өлді Бұлаққа енді көміліп,
Лашығын да жоқ қылды.
* * *
Көп Бұлақтар сылдырап жай ақса егер,
Жүрекке үні жақса егер,
Суының тек аздығынан деп білгін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алматының аясы

  • 0
  • 0

Жүрсең сен аясында Алматының,
Табасың саясында жанға тыным.
Қайтесің Қара теңіз, Қырымдарды,
Артық жер Алматыдан бар ма, күнім?

Толық

Жан мен тән

  • 0
  • 0

Адамды көр бақылап,
Жан мен тәннен тұрады.
Су мен темір, топырақ –
Дененің шын құрамы.

Толық

Үй иесі мен тышқандар

  • 0
  • 0

Ұры шығып үйіңнен,
Кім екенін білмесең,
Күдік артқан күйіңмен,
Көрінгенге жала дауып жүрме сен.

Толық

Қарап көріңіз