Өлең, жыр, ақындар

Ой

  • Bain
  • 27.04.2015
  • 1
  • 2
  • 18244
(М. Ю. Лермонтовтан)
Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы,
Салқын, қуыс — өмірі я қараңғы.
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,
Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды.

Жасынан білер ескі шалдың мінін,
Аптық жерін, ақылға кеш енгенін.
Өзі өнерсіз, өмірден тез суынар,
Ойлаған жолаушыдай бос жүргенін.

Жамандық жақсылыққа қарар салқын,
Долығы тез басылып, қайтар қарқын.
Ұлыққа қошеметшіл, құл сықылды,
Қатерге аяқ баспас, көрмей артын.

Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргенше,
Суық соғып бүрісер, дәмі енгенше.
Көзге де, ауызға да қызығы жоқ,
Қызығы — үзілгені бос жүргенше.

Пайдасыз ғылымменен ми кептірер,
Дос-жарға мақтан етіп, бұлдап көрер:
Жақсы сөз, жақын үміт, тәттілікті
Кемітер, көңіл қоймас, кекеңкірер.

Қуаты қызық қызмет тойларының
Қос қыртысын кетірмес ойларының.
Лап бергіш, к... айналғыш, қайта ойланғыш
Тыянақ оты сөнген бойларының.

Келісімді тәтті ой, әр шеберлік
Қуантпас ойын қозғап пәлен дерлік.
Өз кеудесін өзі аңдып, бой салдырмай,
Тоқымдығы бусанбас неткен ерлік?

Жек көрер, жақсы көрер — кезі білер,
Ашуы, махаббаты босқа сөнер.
Жанында суықтық бар бір жасырын,
Қаны отты жас күнінде шықпас өнер..



Пікірлер (2)

Балнұр

Абайдың өлеңдерін өте қатты ұнатам.

Қуанышева Гүлнұр

Абай өлеңі маған қатты ұнады. Кімге Абайдың өлеңі ұнаса маған лайк❤

Пікір қалдырыңыз

Ал сенейін, сенейін

  • 0
  • 0

Ал сенейін, сенейін,
Айтқаныңа көнейін.
Шалма ораған сопының
Ішін арам демейін.

Толық

Жаманбаланың баласы өлгенде

  • 1
  • 5

Белгілі сөз: «өлді, өлді»,
Белгісіз оның мекені.
Не халатқа¹ әурілді²,
Қайда қандай екені.

Толық

Күнді уақыт итеріп

  • 1
  • 5

Күнді уақыт итеріп
Көк жиектен асырса,
Көлеңке басын көтеріп,
Алысты көзден жасырса —

Толық

Қарап көріңіз