Өлең, жыр, ақындар

Бүркіт пен ара

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 982
Бақытты ғой еңбек еткен ерінбей:
Соның өзі дем берер,
Ондайларды бағалайды өңгелер,
Бірақ, өзі жүре берер көрінбей.
Еткен еңбек, төккен терін бұлдамас,
Атақ қуу жатпайды да салтына.
Мақсаты оның бір ғана –
Үлес қосу жалпыға.
* * *
Бірде көріп гүл айналған Араны,
Деді Бүркіт жаратпаған пішінде:
«Неткен сорлы ең, қарағым,
Қандай мән бар істеп жүрген ісіңде?
Салсаң да ұя мыңың болып жабылып,
Сенің ісің танылып,
Біліп жатыр кейін кім?
Керегі не тап осындай пейілдің?
Ғасыр бойы тер төгіп, қандай қызық көресің?
Белгісіз боп бәрібір көппен бірге өлесің.
Арамыз алшақ қандай бір!
Қанатымды қаққанда мен талмаймын,
Бұлттан да асып самғаймын.
Қорқыныш боп жан-жағы,
Қанаттылар маған жақын ұша алмас.
Кірпік қақпай малшы біткен малдағы,
Жүйрік деген Бөкен сынды аң-дағы,
Көзіме еркін түсе алмас».
Ара айтты: «Арта берсін атағың,
Жомарттығын аямасын Зевс те!
Ал, мен көппен жұмыс істеп жатамын,
Іздемеймін белес те,
Сол да бақыт емес пе,
Тамшы балмен толтырсам бал қатарын?»



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің қол

  • 0
  • 0

Менің қолым керемет,
Саусақтарым сиқырлы.
Ағаштарды шегелеп,
Тарта білер күй түрлі.

Толық

Шаруа мен түлкі

  • 0
  • 0

Шаруаға былай деді Түлкі бір:
«Айтшы, білгім келеді,
Саған жақын болуы не жылқының?
Әрқашан да айдауыңа көнеді.

Толық

Мен жайлы

  • 0
  • 0

Алғыс айтамын Жаратқанға,
Өнер берді өмірлікке аңсаған,
Арман алауымен ән салам,
Арайланып таң атқанда.

Толық

Қарап көріңіз