Өлең, жыр, ақындар

Шаруа мен түлкі

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1139
«Ау, құдағи, көріп тұрып қауіпті,
Неге ұрлайсың тауықты? –
Деді Шаруа кездестіріп Түлкіні, –
Сені аяймын бір түрлі!
Екеуіміз тұрған кезде қосылып,
Айтайыншы бар шындықты шешіліп:
Жақсылықтың нышаны жоқ бойыңда,
Ұрлық – ұят, күнә екенін мойында.
Сені бар жұрт қарғайды,
Бейбіт күнің болмайды:
Тамақ іздеп, зәре-құтың қалмайды.
Құс қорада қалдырғанмен, сірә да,
Бүкіл тауық бір теріңе тұра ма?»
«Мұндай өмір өмір ме? –
Деді Түлкі қамығып, –
Бәрінен де безгім кеп жүр жанығып,
Ішкен асым зәр татиды көбінде,
Әйтпесе, мен адалмын ғой тегінде!
Мұқтаждық қой тура жолдан бұратын,
Оған қоса, кейде бар ғой, көгершін,
Ойға оралса, не дерсің?
Жалғыз мен бе өмірде ұрлық қылатын?
Өткір пышақ секілді ғой тірлік бұл».
«Жыр ғып бір, –
Деді Шаруа, – айттың тура шындықты.
Бар күнәңнан құтқарам,
Іс етпейсің тіпті арам,
Күзетші бол менің тауықханама,
Түлкі айласы сенен қалыс қала ма?
Майға жүзген ірімшіктей малшынып,
Сонда, бауырым, көрмейсің еш таршылық».
Түлкі шартқа тұрысып,
Кетті ісіне кірісіп.
Еркін тірлік сарайында мырзаның,
Мырза-дағы Түлкі ісіне ырза шын.
Түлкі тоя ас татқалы,
Денесін май қаптады.
Адал еңбек жақпады,
Ұрланбаған ет енді оған батпады,
Түлкі осымен қызметін тындырды.
Күтіп тұрып күн ұяға батқанын,
Бар тауықтың мойнын жұлып, жым қылды.
* * *
Жақсы арамға бастамас,
Не мұқтаждық көрсе де.
Ұрыға алтын берсе де,
Ұрлығын еш тастамас.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төрт кезең

  • 0
  • 0

Бірінші жыл тәуір ішті,
Екінші жыл бауыры істі.
Үшінші жыл жатып қалды,
Төртінші жыл қатып қалды.

Толық

Есек пен мұжық

  • 0
  • 0

Мұжық жазда егінге
Бір Есекті жалдады.
Жолатпау ғой құс біткенді тегінде,
Ұқты Есек істер ісін алдағы:

Толық

Квартет

  • 0
  • 0

Есер Маймыл сормаңдай,
Есек,
Теке,
Және Аю қорбаңбай

Толық

Қарап көріңіз