Өлең, жыр, ақындар

Тоған мен өзен

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1031
«Бұл не? – деді Тоған бірде Өзенге, –
Тоқтамайсың, ағасың,
Солай барлық кезеңде;
Сіңілім-ау, сен қашан тыным аласың?
Түк емес-ау күні-түні аққаның,
Көтересің кемелердің батпанын.
Неше түрлі салдар жүзіп жатады,
Қайықтарды айтпағанда жай бұдан.
Ондай өмір сүргенімше қапалы,
Өлер ем мен қайғыдан.
Сендей емес, менің еншім сапалы,
Алайда жоқ атағым,
Картада да жатқаным жоқ сызылып,
Әншілер де мақтамайды үзіліп.
Бірақ, бәрі бекерлік,
Жағам менің жасыл құрақ – жайлаудай,
Тонға оранған байлардай,
Жан рахат бір басыма жетерлік.
Кеме түгіл қайық та
Желкен жайып па?
Қорқынышты еш нәрсе жоқ, тыныштық:
Ауырлықты білмеймін де мен әлі;
Естілмейді дыбыс түк,
Анда-санда соққан самал шамалы
Жапырақты бетіме әкеп жабады.
Не алмастырмақ мұндай бейқам өмірді?
Жел соқса да, бүлк етпестен жатамын,
Шолып мынау мазасы жоқ өңірді,
Пәлсапаға батамын».
«Білемісің пәлсапаның қаталын? –
Деді Өзен қатып тіл, –
Қозғалыста тіршілік тұр, бақыт тұр.
Менің өзен болуым,
Толуым да бір тынбаудан, соны ұғын,
Еңбегіме сенемін.
Мол суыммен әр жылда
Нәр беріп ой, әр қырға,
Құрметтеліп, сыйлы болып келемін.
Мүмкін, әлі талай ғасыр ағармын;
Ал, бір күні тартылсаң,
Сені есіне алар кім?»
Шындығы сол – ақты өзен қалпынша;
Сорлы Тоған жылдан-жылға алқынды,
Шалқарлы су шалғынды
Шалшық болып балдырлы,
Ақырында тартылды.
* * *
Көпшіліктің кәдесіне аспаса,
Талантың да тозады.
Адамың да азады,
Жалқаулығы жайлап жеңе бастаса.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өз қолыңда тағдырым

  • 0
  • 0

Әрбір сәтім алтын
Өзінменен өткен.
Жаймашуақ жарқын
Көңілім – гүл көктем.

Толық

Сергелдең

  • 0
  • 0

Болмаған соң бойда жігер, қаруың,
Қырсыздықтың таттың талай зәр-уын.
Кімге керек іштен тынып жануың?
Әлдекімнің артық санап аруын,

Толық

Әйелдер жасарып келеді

  • 0
  • 0

Екі дос кездесті,
Кездескенде не десті:
– Айтайын бір жаңалық,
Жаңалық болғанда – даналық. –

Толық

Қарап көріңіз