Өлең, жыр, ақындар

Шаруалар мен өзен

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 954
Шаруалар шықты төзім, шыдамнан,
Судан керген лаңнан:
Бұлақтар мен жылғалар
Тасыған бір кезеңде.
Деген оймен арызымыз тыңдалар,
Жүріп кетті арнасы кең Өзенге
Мәселені көтермек боп маңызды.
Күздік кетсе бүйірден,
Бірде қирап, қопарылды диірмен,
Отар-отар малды-дағы ағызды.
Ал, Өзен ше, ағады жай паңдана,
Жағалауы сан алуан қалалы,
Қадалып,
Ешкім оған сөз айтпады шамдана.
Демек, ақыл берер бұлақ-жылғаға,
Деп Шаруалар үміт арта келген-ді,
Сол Өзенге сенген-ді,
Жақындап кеп көрді енді,
Талай мүлік барады ағып мұнда да.
Бұдан әрман іс қозғамай мұңдана,
Тек көзімен салды оларды шығарып.
Бір-біріне қарап олар күйіне,
Қабақтары түйіле,
Қайтты ақыры үйіне.
Деді жолда шын налып:
«Әділетті қайдан іздеп табасың?
Кішілермен қайтеміз тек таласып,
Үлкендермен жатса ауыз жаласып».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бала бүркіт

  • 0
  • 0

Көктемнің бір күні еді,
Айнала әсем гүл еді.
Қолға түсті кішкентай
Түздің тағы түлегі.

Толық

Қожалақ

  • 0
  • 0

Бала болды ертеде.
Жалқау ма,
Әлде ерке ме,
Кесір ме,

Толық

Пингвин

  • 0
  • 0

Аталғанмен құс болып,
Пингвиндер ұшпайды.
Көрген емес еш тоңып,
Мұхиттарда қыстайды.

Толық

Қарап көріңіз