Өлең, жыр, ақындар

Қызыр қонақта

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1094
Қызырды біз айыптауға дайынбыз:
Кімнің төмен дәрежесі, кім кедей,
Өте алмайды оны сөкпей, тілдемей,
Түптеп келсек, кінәліміз дәйім біз.
Кезбе бақыт көп ішінде сандала,
Тұрақтамас мырзаға да, ханға да,
Лашығыңды аңғара,
Саған да бір соғатұғын шығар-ақ.
Қалма аңқиып таңдана,
Есігіңнен қарар болса сығалап.
Түсінсе кім оның болған бір сәтін,
Шын бақытқа тым жақын.
Келген кезде мән бермесең шіркінге,
Біл және,
Құр дәме,
Өмір бойы оралмауы мүмкін де.
* * *
Бір ескі үйде шетіндегі қаланың
Тұрды күйсіз ағайынды үш жігіт.
Қандай істі бастаса да күш қылып,
Сынап талай-талабын,
Қолдары бір жүрмеді,
Кедергілер күрмеді;
Соның бәрін жапты олар Қызырға;
Көрінбестен келді бірде Қызыр да.
Тұрмыстарын көріп қатты жүдеткен,
Келді көмек бергісі шын жүрекпен,
Бар істе де басшы болды құзырға,
Барлық жазды соларменен өткізіп,
Бұдан артық жоқ қызық!
Кедейлердің жүріп берді тілеуі,
Қырсық шалған сәудегер-тін біреуі.
Ал, ендеше, нені алысатпасын,
Оңды-солды ақшаны кеп қаптасын.
Зиян деген сөзді есінен шығарды,
Тез арада-ақ бай боп алды шын әлді.
Екіншісі билігі бар қолында
Орналасты әкімшілік орынға.
Байып алды жай ғана –
Үй қонды:
Құрметтеді ел тағзым етіп айнала,
Атақ, абырой қайда да;
Саяжайлы демелатын күй болды.
Ал, сұраңдар, үшіншісі кім еді?
Рас, Қызыр көмектескен оған да,
Ешбір тыным таба алмады тек онда,
Өйткені, ол шыбын қаққыш мұң еді:
Іс деп ұқты мазалы,
Ғажабы!
Біле алмадым, неткен шебер, епті еді?
Әлде, Қызыр көмегінің пайдасы,
Іске асып айласы,
Қаққаны құр кетпеді.
Біраз болып, Қызыр көп іс атқарды,
Тағы әрмен аттанды.
Қалды үш туыс: екеуі бай боп алды,
Үшіншісі кедей күйі со қалпы.
Кедейлігім Қызырдан деп, шамасы,
Соған артып, жабады бар жаласын.
* * *
Ал, тыңдаушым, өзің ойлап қарашы,
Шын айыпты оған кім?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көлеңке мен адам

  • 0
  • 0

Ұстаймын деп болды әуре Көлеңкені бір Есер:
Қашып берді Көлеңке, қуып еді ол ілесе,
Көлеңке де жүгірді, жүгіргенде ол тіресе.
Қосқанда Есер екпінді, ол да зырлай жөнеді,

Толық

Аңсағаным

  • 0
  • 0

Айтшы, жаным, қайда жүрсің, қайда?
Шақырады арман ару майда,
Гүл бағымда бұлбұлым боп сайра,
Аңсағаным.

Толық

Нұрға толы, жырға толы Алматы

  • 0
  • 0

Алматының көктемі бар керемет,
Дембіл-дембіл күн жауады себелеп.
Бар аймағы барқыт гүлге оранып,
Бұлбұл сайрап, ұшып-қонған көбелек.

Толық

Қарап көріңіз