Өлең, жыр, ақындар

Сырапшыл мен қарлығаш

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 766
Алаңғасар бір жігіт
Мол мұрамен көрмей ешбір қайғы-мұң,
Ысырапсыз төгіп-ашып байлығын,
Барлық мүлкін тындырып,
Алып қалды бір тонды.
Онда-дағы қысқы аяздан тайқақтап,
Сақтағаны бұл соңғы.
Ұшып жрген Қарлығашты байқап қап,
Тонын сөгіп тастады ол, себебі,
Қарлығаштар ерте бастан келеді,
Хабарлантып көктемді.
Онда тонның қажеті де жоқ та енді;
Деп ойлады: «Оранамын несіне,
Бар табиғат ерсе көктем көшіне?
Аяз болса солтүстікке ығысқан!»
Қателесті туысқан,
Деген мақал түспеді оның есіне:
«Көктем шықпас Қарлығашпен бір ұшқан».
Көп кешікпей қайта қыс кеп қарбалаң,
Қар үстінде сықырлады арбалар.
Мұржалардан көк түтіндер өрледі,
Әйнекте – аяз өрнегі;
Қалтырата соқты боран сарнаған.
Жылы күннің хабаршысы Қарлығаш
Қатып қапты. Мұны көрген әлгі жас
Былай деді қалш-қалш ете безілдеп:
«Құрттың мені, оңбаған,
Сенемін деп мен саған,
Тонсыз қалдым нағыз керек кезінде!».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Карлдың қайнар бұлақтары

  • 0
  • 0

Жолың болсын, жолаушы
Сәрсенбінің сәтті күні
Жолға шықтың, жолаушым.
Еліктірген ат дүбірі,

Толық

Араздасқан ағайындарға

  • 0
  • 0

Отырайық, ағайын,
Туысқан боп, туған боп.
Ашып жанның сарайын,
Таң-тамаша, думан боп.

Толық

Көкбұлақтың қойнауы

  • 0
  • 0

Көкбұлақтың қойнауы
Жерұйықты жер екен.
Таусылмайтын тойлауы,
Тамашалы ел екен.

Толық

Қарап көріңіз