Өлең, жыр, ақындар

Шаруа мен жылан

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 873
Шын қадірлі болғың келсе халыққа,
Танысың мен достарыңды анықта.
* * *
Бір Шаруа Жыланменен дос болды.
Жылан залым шіркін де,
Қолтыққа енді біртіндеп,
Шаруаның көңлі оған хош болды.
Бұрынғы дос, туыстары сол күннен
Кірмей кетті Шаруаның үйіне;
«Туғандар-ау, – деді сонда ол күйіне, –
Не себептен сендерге жат болдым мен?
ыржитты ма әлде әйелім қабағын?
Жақпады ма әлде менің тамағым?»
«Жоқ, – деп Матвей жауап берді бір ерек, –
Қуана біз кірір ек,
Бара қалсақ, қарсы алар ең түрегеп,
Қонағыңды ренжіткен күнің жоқ:
Бірақ, несі рахат,
Босағаңнан күткендей боп бір апат,
Жылан шағып алар деп, отырсақ тек дірілдеп?».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өкініш

  • 0
  • 0

Анамыз бір нанды
Берсе де тең бөліп,
Шығарып лаңды,
Лақтырдым мен келіп:

Толық

Сыншы мен сыпырғы

  • 0
  • 0

Отырып Сыншы моншада
Сыпырғыменен сырласты:
– Өлеңі нашар болса да,
Сынармын қалай құрдасты?

Толық

Орта баға

  • 0
  • 0

Жалқаубектің сабақты
Түсінуі күш болды.
Болмаған соң талапты,
Бағасы тек «үш» болды.

Толық

Қарап көріңіз