Өлең, жыр, ақындар

Мысықай мен қараторғай

  • 09.08.2019
  • 0
  • 0
  • 667
Қараторғай тұратұғын үйде бір,
Онша емес-тін күйге бұл;
Алайда ол пәлсапаға жетік-тін,
Мысықаймен тату еді бұл өзі.
Мысықай да өз ісіне жетік-тін,
Тым биязы мінезі.
Достарынан бірде шет қап жүдеді.
Қарны ашып жүрді бұл:
Ойға батып, тамақ таппай ширығып,
Бұлғаңдатып құйрығын,
Мияулады мұңлы бір,
Пәлсапашы оған ақыл құйды кіл.
Деді оған: «Сендей момын жан аз, ә?
Босқа ұстайсың ораза;
Тап төбеңде бұлбұл тұр, айтар болсам турасын,
Көріп жүрмін, Мысықайсың турашыл».
«Арды қайтем?» ... «Аз білесің өмірді,
Бос былшыл де оныңды.
Әлсіз жандар сенгіш келер Тәңірге,
Ақылдылар басады тек әзілге,
Болса өмірде кім мықты,
Жасар небір сұмдықты.
Міне, саған өнегем мен дәлелім», –
Деп, сөзінің келтірді бір мәнерін.
Пәлсапашы бар ақылын сарықты,
Аш Мысыққа ұнап қалды анық бұл.
Тордан алып жеп қойды ол Бұлбұлды,
Тәбетін бұл аша түсті құрғырдың.
Бір тістем ет тойдырмады тамағын,
Екінші айтқан сабағын
Ұйып тыңдап, қолдады,
Деді және: «Шын сыйлаймын өзіңді,
Аштың менің көзімді».
Жеп қойды ақыр ұстазын да тордағы..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақымақ

  • 0
  • 0

Колумб қаңғыды нешеме жыл,
Жаңа бір құрлықты ашқалы.
Ақымақ!
Одан да ол біздің көшеде бір

Толық

Ғабдоллаға

  • 0
  • 0

Аттанып Ақжайықтан жеделдетіп,
Жетіп ек «Өлеңтіге» өлеңдетіп.
Совхоздың директоры Ғабдоллаекең
Жіберді көңлімізді төмендетіп:

Толық

Тілін ұмытқан тауық

  • 0
  • 0

Заманда бір ертелеу
Тауық бопты еркелеу.
Өзгелерден шамалы
Ақыл-ойы келтелеу.

Толық

Қарап көріңіз