Өлең, жыр, ақындар

Кәрі арыстан

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2002
Мықты Арыстан – айбаттысы орманның
Қартайды да күші азайып, күй кетті.
Тырнақ пенен тіс мұқалып қорланды –
Жауларына қорқынышты болған мұң,
Аяқтарын әрең-әрең сүйретті.
Ауруы да көбейді,
Аңдар енді оны айбарлы демейді.
Оларға еткен зорлығы үшін бұрынғы,
Әрқайсысы мазақ қылып ұрынды:
Айғыр теуіп тұяғының күшімен,
Қасқыр жұлқып тісімен,
Бұқа сүзді өткір мүйіз ұшымен.
Арыстанды мықтап буып бұ қырсық,
Өмірінің тоса түсіп ақырын,
Шығара алмай батыл үн,
Жатты жайлап ыңырсып.
Байқап қалып Есектің де жеткенін,
Қайқайта бір тепкелі,
Осал жерден соққы беріп тажалды:
«О, Құдайым, – деді Арыстан өксіп бір, –
Неге сонша сорлы болдың көз шыққыр?
Кешіктірмей жібер маған ажалды.
Сол дұрыс бір есептен,
Мұндай қорлық көргенімше Есектен».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Медалист мысықай

  • 0
  • 0

Оныншыны шамасы
Бітіреді Мысықай.
Қылығына қарашы,
Мысықтың тым пысығы-ай:

Толық

Қожа, маймыл және есек

  • 0
  • 0

Ақсақ Темір бірде,
Көңіл бөліп тілге,
Қожанасырды шақыртыпты:
– Сенде көп дейді ақыл тіпті,

Толық

Дилбарым

  • 0
  • 0

Он мың емес, бір жаным,
Бір жанымды сүй, жаным.
Қатты қондың көңілге,
Өзің ойлап-біл, жаным.

Толық

Қарап көріңіз