Өлең, жыр, ақындар

Қасқыр мен мысық

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1359
Қасқыр қашып келді орманнан ауылға,
(Емес сірә қонуға)
Жанын сақтап қалуға,
Аңшылар мен қуғыншы иттер соңында.
Ең бірінші қақпаға кірер еді ұшып бір,
Ал, мұңы –
Жабық оның барлығы;
Көрді кенет, күткендей-ақ дәл мұны
Мысық тұр.
Деді Қақыр: «Жылдам айтшы, бауырым,
Көмек берер Мұжықтардың тәуірін.
Тұрса болды жауларымнан жасыра,
Иттер де, әне, келіп қалды қасыма!»
«Степанның үйіне кір, міне ғой,
Жақсы кісі, – деді Васька, – бол, тамыр!»
«Жеп ем одан бірер қой».
«Онда тездеп Демьянға кіре ғой».
«Ол да маған ашулы деп қорқамын:
Оның жегем лағын».
«Ана жерде Трофимнің үйі бар».
«Бір қозысын алып кеткем, шырағым».
«Климнің де жасыратын күйі бар».
«Атай көрме, жарып кеткем құнанын».
«Бар ауылға зиныңды келтірсең, –
Деді Васька Қасқырға, –
«Қандай көмек күтіп тұрсың енді сен?
Ауыл Мұжықтарының миы жоқ па басында,
Қас жауына ашатұғын қорасын.
Тек өзіңді кінәлайтын боласың:
Не ексең – соны орасың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлеңде атыңды атап жазбасын

  • 0
  • 0

Өлеңде атыңды атап жазбасын,
Айтасың анда-санда аз ғана сын:
«Жатады өзге ақындар өліп-талып,
Сен неге салқынсың?» – деп назданасың.

Толық

Бір болайық

  • 0
  • 0

Бір өзіңсің сүйкімді
Көктемім де, жазым да.
Күмбірлеген күй түрлі –
Сенің ерке назыңда.

Толық

Анама хат

  • 0
  • 0

Айналайын анашым,
Ақылы асқан данасың.
Дүниеде жоқ шығар,
Сенен өткен жан асыл.

Толық

Қарап көріңіз