Өлең, жыр, ақындар

Арыстан

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 832
Кәрі Арыстан төсек етіп тақырды,
Жамбасы ауырып, жата-жата жалықты.
Жылуы да жоқ еді бір қалыпты;
Бағынышты боярларын шақырды:
Кіл жүнділер Аю, Қасқыр сияқты.
Деді: «Достар, қартайдым, ал төсегім
Қаттылықтан жамбасымды теседі;
Осындағы аң біткеннен тұяқты
Жүн сұрап ап келіңдер,
Төсеніш қып беріңдер».
«Ұлы Арыстан, – деді бәрі, – сен үшін
Неге аясын, береді
Жүні түгіл терісін,
Жүндес аңдар аз емес қой, себебі:
Бұғы, Бұлан, Ешкі, Еліктер салығын
Төлемей жүр әлі күн.
Солардан тез қырқамыз:
Жүнін қырқсақ шамалы,
Жеңілденіп қалады».
Орындалды шешім болып бұл нағыз,
Қуанбады, бірақ, патша мырзамыз:
Сонда достар не істеді татымды?
Ұстап ап әр пақырды,
Тап-тақыр қып қатырды –
Өздерінің қалың жүнін жасырды,
Үстерінен бір қылшық та түспеді;
Керісінше, осы іспен жүргендер
Жинап алған жүндерден
Қысқа қарай бір-бір бөстек істеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалақы мен жолақы

  • 0
  • 0

Баяғыдай «ойхой»-лап,
Қыз ұзатып, той тойлап,
Ауыл аралап, дала кезіп,
Қаладан қала кезіп,

Толық

Білмейді

  • 0
  • 0

Күнді де біреу күн дейді,
Жарқыраған нұр дейді.
Бірақ, күннің өзінде
Түнек барын білмейді.

Толық

Балдырған

  • 0
  • 0

Айналайын Балдырған,
Сүйсе, мейір қандырған.
Құлыншақтай құлдырап,
Шапқан жерін шаң қылған.

Толық

Қарап көріңіз