Өлең, жыр, ақындар

Тышқандар

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1027
«Сіңлім менің, сездің бе сен сұмдықты?!
Тышқанға айтты қасындағы бір Тышқан, –
Байқаймысың, кемемізден су шықты,
Тесілген-ау бір тұстан.
Аз-ақ қалды шаюға су тұмсықты.
(Аяғы сәл суланған, айтар болсақ шындықты)
Бір ғажабы – капитан
Ішіп алып, адасқан-ау ақылдан.
Матростар кілең жалқау шетінен,
Еш тәртіп жоқ, кеткен бәрі бетімен.
Көпке жаңа айқай салдым, қақсадым:
Кемеміздің батуы деп қас қағым:
Ешкім құлақ аспады,
Мен оларға жалған айтып тұрғандай;
Анық қой бұл, трюмға көз тастаса,
Кеме өмірі бір сағаттан аспас-ау:
Шынымен-ақ өлеміз бе бір жандай?
Кемеден тез секірсек – сол өтімді.
Жер де жақын секілді!»
Екі Тышқан көк мұхитқа секірді,
Батып кетті, не тынды?
Ал, кемеміз енді біраз шамада
Аман-есен келіп жетті жағаға.
* * *
Сұрақ туар мұндайда:
Капитан ше, матрос ше, су қайда?
Рас, аз су болғаны,
Тез тыйылған ол-дағы,
Қауесет-тін қалғаны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Академик арыстан

  • 0
  • 0

Академик – президент Арыстан,
(Орынбасары Барыстан)
Демалысқа кетерде,
Уақытша Барысты бастық етерде,

Толық

Жанұя

  • 0
  • 0

Сенде де бар жанұя,
Менде де бар жанұя.
Үлкенде де, кішіде,
Жанұя – бар кісіде.

Толық

Оянды қала

  • 0
  • 0

Таңғажайып таңғы қала?
Таңғы қала – сәнді қала,
Бар тіршілік қозғалыста,
Оянған жанды қала.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар