Өлең, жыр, ақындар

Қасқырлар мен қойлар

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1091
Қойларға күн көрсетпеді Қасқырлар,
Талай желке қиылды.
Қорғау жағын қарастырды басшылар.
Қойлар үшін тиімді
Кеңес құрып жиылды.
Көп бөлігі Қасқыр еді кеңестің,
Барлық Бөрі бірдей жыртқыш емес-тін.
Талай момын Қасқырды мен білген де ем,
Ондай мысал естен шыға қойған ба?
Отарға тым жақынырақ жүргенмен,
Тоқ кезінде тиіспейтін Қойларға.
Онда неге кеңеске қатыспасын ол мына?
Керек десе, кінәлаймыз Қойды да,
Қасқыр мүлдем жау емес қой ойлыға.
Ну орманда басталды сол кеңес те,
Болды ұсыныс, пікірталас, егес те.
Ақырында ойлап тапты заңды олар,
Былай десек, сондағы сөз дәл болар:
«Егер Бөрі бұзылып,
Шапса отарға қызығып,
Оны Қойлар қамалай,
Бет-жүзіне қарамай,
Сүйреп жүріп болсын сотқа баратын,
Ормандағы маңайда».
Еш нәрсе жоқ заңға қосып, алатын,
Әлі күнге көріп келем: алайда,
Дегенімен, Қасқырға ешкім тимеді,
Салса-дағы ойранды.
Керісінше, олар әлгі Қойларды
Тоғайларға сүйреді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір дәрі

  • 0
  • 0

Қалқып ішсең –
Өмір дәрі.
Шалқып ішсең –
Көңіл дәрі.

Толық

Мақсат

  • 0
  • 0

Биігіне шығам деп,
Армандаған белестің,
Сүйенерім шыдам боп,
Қиындықпен егестім.

Толық

Сол бір кездер

  • 0
  • 0

Сол бір кездер, сол шақта,
Мөлдір сезім мол шақта,
Гүл жайнадық, нұр жайнадық,
Ұқсап маржан моншаққа.

Толық

Қарап көріңіз