Өлең, жыр, ақындар

Тауыс пен бұлбұл

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1521
Физиканы білмейтін музыканың шебері
Естіп қалып Бұлбұлды сайран құрған бақтағы,
Сондай құсты тапқалы, тор ішінде баққалы,
Бай қалаға келеді.
Ойлады ол: «Сол бір құстың түр-өңін
Көрмедім,
Сырттай әнмен тамсандырды ол мені,
Таппай тынбау – тілегім.
Құс базарға іздеп оны барамын,
Қайтсем де іздеп табамын».
Осы қиял жетектеп,
Алмақ болып назарға,
Келді бояр құс сататын базарға,
Аз ақылмен көп ақшаны етектеп.
Тауысты да көрді және Бұлбұлды,
Саудагерге деді сона: «Шын нұрлы,
Осы болар мен іздеген әнші құс!
Түріне сай әсем шығар әні де;
Саудагер дос, қанша теңге сәнді құс?»
Сатушы айтты дәлірек:
«Уа, мырза, ол құстың кереметтей әні жоқ;
Қасындағы Бұлбұлды ал одан да,
Керек болса жақсы әнші үнімен».
Өтпеді сөз ақылы аз адамға,
Құс сатушы алдап тұр деп шынымен,
Бұлбұлды ол жаман құсқа балады,
Және қарады:
Қанат, құйрық шағын екен шіркінде,
Тамылжыта ән салуы мүмкін бе?
Ақырында сатып алып Тауысты,
Тыңдамақ боп ерекше бір дауысты,
Келе салып үйіне,
Қонақтатты құсты тордың біріне.
Таңдап алған қонағы осы болар жөні деп,
Дауысымен мысықтың мияулады он рет.
Осылайша наданға ұғындырды үнімен,
Болмайтынын таңдауға құс дауысын жүнімен.
* * *
Құс таңдаған сол бір Бояр секілді
Саналарды сараптай кеп не түрлі,
Кей адамды ақымаққа балаймыз:
Өйткені, біз олардың көйлегі мен шашына,
Қолға таққан сағаты, жүзігінің тасына,
Көркіне де қараймыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Берсеңдерші бір хабар

  • 0
  • 0

Толқыны тербеп тағдырдын,
Шағала болдым шалғайда.
Жаныма жақын жан құрбым,
Шалқытып салар ән қайда?

Толық

Таң

  • 0
  • 0

Шығыстан сәуле шашып таң келеді,
Тербетіп төсегінен жан денені.
Шырыдап шырқай ұшқан молдаторғай
Көңілге құйқылжыған ән береді.

Толық

Ақтың оты сөнбейді

  • 0
  • 0

Қастандықты өмірде көріп келем,
Көріп келем, бағасын беріп келем.
Адамдығы жоқ жандар адалдықты
Арсыздықпен ұрып жүр бөрікпенен.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер