Өлең, жыр, ақындар

Қонақ күту

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 978
Кештете қонақ келді,
Топырлап мол-ақ келді.
Үй іші сасып қалды,
Бар-жоғын ашып салды.
Біреуі ойға шапты,
Біреуі қойға шапты...
Киімді шешіп тастап,
Аяқты көсіп тастап,
Қонақтар жата берді,
Ұйқыға бата берді...
Бір кезде шай қайнады,
Әрине, жай қайнады.
Қой сою анығында
Бітті тун жарымында.
Қазанға түскен етті
Пісіру үшке жетті.
Қонақтар қалжырады,
Ұйқымен маужырады.
Бозарып таң атқанда,
Тартты кеп табақты алға.
Қонақтар тұрған болды,
Тәтті ұйқы құрбан болды.
Қыбырлап еріндері,
Сыбаға желінбеді.
Тартпай еш тәбеттері,
Шықты тек әлектері...
Кеңпейіл қазағым-ай,
Шашылған азабың-ай!
Күтпесең қайтер еді
Қонақты таза бұлай?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мейрамбекке

  • 0
  • 0

Ей, Мейрамбек, Мейрамбек,
Тартушы едім тумам деп.
Сырт айнала бересің,
Бар билікті жиған боп.

Толық

Қол

  • 0
  • 0

Менің қолым керемет,
Саусақтарым сиқырлы.
Шегені де шегелеп,
Тарта білер күй түрлі.

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

Туған жер, мен-дағы бір түлегіңмін,
Тулаған тұла бойда тілегім мың.
Алыстан асығыстап келген сайын,
Жылуын жарып бердің жүрегіңнің.

Толық

Қарап көріңіз