Өлең, жыр, ақындар

Еріккен ешкі

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1205
Ешкі бикеш шырайлы
Текесіне мұңайды:
– Соңғы кезде, сүйгенім,
Бүлкілдеп жүр бүйрегім.
Ішсем де астың тәуірін,
Ісіп кеткен бауырым,
Қабынады өкпем де,
Ауру деген кеп менде.
Басқалардан қалам ба?
Емделемін барам да, –
Деп Ешкітай төндіріп,
Текешігін көндіріп,
Кетті аттанып жыраққа.
Курортта ол, бірақ та,
Қайтсін ем-дом, күтімді,
Барған күннеп құтырды:
Нән Серкемен танысты,
Асыр салды, алысты.
Секілді бір кекілік,
Тастан-тасқа секіріп,
Күндіз-түні ойнады,
Ойынға бір тоймады.
Бірі: «Ерекше еркем!» – деп,
Жаны қалмай елпеңдеп.
Бірі: «Сері Серкем!» – деп,
Жүріп жатты селтеңдеп.
Текесінің хатына
Жауап жазды қатыра:
«Айналайын ақылдым,
Жақсы емделіп жатырмын.
Кәдімгідей қоң алып,
Қалдым біраз оңалып.
Қайтар жолды ұмытпа,
Ақша жағын құнытта.
Көп кешікпей оралам,
Көріскенше бол аман».
Тап осындай Ешкілер
Опынғанын кеш білер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төлдер

  • 0
  • 0

Құлдырайды Құлын,
Желбірейді тұлым.
Желігеді жүйрік,
Төгіледі құйрық.

Толық

Жаңа жыл жыры

  • 0
  • 0

Жаңа жыл есік ашты шырайланып,
Басынан шыршалардың шыр айналып,
Белеңдер басып өткен былай қалып,
Келер күн құшағына жыр айналып.

Толық

Ұшатын табақша

  • 0
  • 0

Ұшатын табақшалар,
Немесе қалақшалар
Көбейіп кетті бұл күнде.
Кейде егістікке,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар