Өлең, жыр, ақындар

Демалыс

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 775
Аң патшасы Арыстан
Бір-бірімен алысқан
Аңдар үшін барлық
Шығарды жарлық:
«Әр айдың соңғы бес күні,
Жұмыстан бос күні,
Қалмай ешбірі,
Барлық аң демалатын болсын,
Тыныстарын кең алатын болсын».
Мұны естіген аңдар қуанып,
Патша жарлығын құп алып,
Тойлап жатты жұмылып,
Тойғанынша сіміріп.
Бірақ, Тышқандардың кешегі
Былай деді көсемі:
– Біз қуанамыз несіне?
Астық емес пе еді несібе?
Қазір қамбалар қаңырап тұр,
Дән орнына жел аңырап тұр.
Бұрын қамбалар толы болатын,
Тышқандардың жолы болатын.
Күні-түні тынбайтынбыз,
Астықты аяусыз ұрлайтынбыз.
Қанша ұрласақ та шаршамайтынбыз,
Демалыс дегенді аңсамайтынбыз.
Қимылдай беру ләззат еді,
Ұрлай беру ғажап еді.
Енді нені ұрлаймыз?
Ұрлықсыз қалай жырғаймыз?
Жұмыссыз қалдық дән таппай,
Дән таппаған соң, нәр татпай.
Тышқан емес, пышқан болдық,
Басымыздан бақ ұшқан болдық.
Мысық та бізге тиіспейтін болды,
Тек қана иіскейтін болды.
Арық-тырық кімге керек?
Иә, бүгінгі күніміз мүлде бөлек.
Несіне жетісіп демаламыз?
Бүйте берсек, жоғаламыз.
Шіркін, бидай дегенің үйіліп жатса,
Қамбаларға құйылып жатса,
Тыным таппай ұрлай берер едік,
Жанданып жырғай берер едік,
Еңбек жырын жырлай берер едік.
Ал, жұмысы жоқтық –
Тоқтық емес, боқтық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәніккен Данай

  • 0
  • 0

Данай шикізат дайындайтын,
Еш нәрседен де тайынбайтын.
Түйені түгімен,
Биені бүгімен

Толық

Бүркіт пен өрмекші

  • 0
  • 0

Самғап Бүркіт батырың,
Бұлттан биік Кавказдың бір шыңына,
Қонды-дағы кәрі ағашқа ақырын,
Төмен жақтың көз салды ой-қырына.

Толық

Құрбыма

  • 0
  • 0

Подруга – құрбым-ай,
Шын дос болып тудың-ай.
Бала сынды мінезің,
Бірде олай, бір бұлай.

Толық

Қарап көріңіз