Өлең, жыр, ақындар

Жансақтау мен жалпақтау

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1007
Жансақтау,
Жалпақтау
Өзара жолқты,
Бірін-бірі мол ұқты.
Өйткені, олар туыс қой,
Бір-біріне жұғыс қой.
Бір-біріне жақындап,
Бірін-бірі мақұлдап,
Ақтарды іщкі сырларын,
Қатпар-қатпар қырларын.
Сөз бастады Жансақтау:
– Манмап бізден алшақтау.
Аштан өлмей,
Көштен қалмай,
Артық ауыс ештеңе алмай,
Бастық не десе де, көнеміз,
Басты изей береміз.
Еңбегімізді қалай бағаласа да,
Жалақымызды қалай шамаласа да,
Аузымызды ашпаймыз,
Артық қадам баспаймыз.
Өйткені, жансақтау керек,
Артық сөзден алшақтау керек.
* * *
Қарсы тұрды Жалпақтау:
Қателесетің, Жансақтау.
Үндемеген бұға береді,
Бұға берсең, сұға береді,
Қоразданып шыға келеді.
Не істеу керек ондайда?
Айла тапсаң болмай
Бастыққа бағынуың керек,
Яғни, табынуың керек.
Әдептілік сақтауың керек,
Күн сайын мақтауың керек.
Сөйтіп, бастықты алдайсың,
Әйтпесе, жан сақтай алмайсың.
Бастықты ардақтауың керек,
Өтірік мақтап, жалбақтауың керек.
Сүрініп кетсе, демеуің керек,
Қолтықтап жүрер көмегің керек.
Бәтеңке бауын байлауың керек,
Мәшинесін айдауың керек.
Кафеге кірсе, торықпау керек,
Мас болып қалса, қорықпау керек.
Құшағына кіріп, қолтықтау керек.
Бұлғаңдатпай жүргізуің керек,
Үйіне сүйеп кіргізуің керек.
Әйеліне тапсыруың керек,
Артық ішкенін жасыруың керек.
«Ағамыз ептеп үй-ішім деп,
Әсіресе, сіз үшін деп,
Ептеп қана сілтеді,
Артық емес бұл тегі.
Керек кезінде
Патшалар да сөйтеді».
Солай десең, есебің де бар,
Алдағы күні өсерің де бар.
Не керек, жалтақтау да керек,
Турасы, жалпақтау да керек.
Жалпақтасаң, жаңылмайсың,
Алға қарай адымдайсың.
«Алпыс күн атан болғанша»,
Есейіп, өсіп толғанша,
Бір күн бура болғаның,
Артық емес пе, сол, жаным?
* * *
Жансақтау деген – жалтақтау,
Жалтақтау деген – жалпақтау.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Періште

  • 0
  • 0

Кейбір түн ішінде
Түсіме кіресің.
Періште пішінде
Көк кезіп жүресің.

Толық

Тышқанның ақылы

  • 0
  • 0

Тышқан баласына ақыл айтты,
Айтқанда батыл айтты:
– Балам, мен көпті көрдім,
Майды да етті көрдім.

Толық

Көңіл деген көл ме еді?

  • 0
  • 0

Көңіл деген көл ме еді?
Көңіл деген шөл ме еді?
Көңіл деген әлде бір –
Бал шараптың шөлмегі?

Толық

Қарап көріңіз