Өлең, жыр, ақындар

Шенеунік пен Жорналшы

  • 22.08.2019
  • 0
  • 0
  • 885
Шенеунік пен Жорналшы кім дейсіңдер?
Құқығы азаматтық бір дейсіңдер.
Алайда, өмірдегі орны менен
Кереғар қылықтарын білмейсіңдер.
Шенеунік Жорналшыға былай деді:
– Жаратқан үстем етіп Құдай мені.
Жүретін жолыңды біл аңдап басып,
Құқың жоқ сөз айтуға сынай мені.
Мемлекет қызметшісі – биліктемін,
Ісіме араласып, килікпегін.
«Аяз би, әліңді біл!» деген бар ғой,
Жөн болар жоғарыға иліккенің.
Жүйріктей жүйтки шауып жосылғанда,
Жорналшы айтар сөзден тосылған ба?
– Мен қалай қарап тұрам қорған болмай,
Шенеунік бұқараны басынғанда?
Шенеунік:
– Босқа әуре болма, – деді,
Әуелі өз басыңды қорға, – деді.
Газетке жазар болсаң мені сынап,
Түсесің сотты болып, торға, – деді.
Жорналшы деді:
– Жоқ па басқа амалың?
Жасанды сотыңменен жасқамағын.
Одан да қалт-құлт етіп күнін көрген
Халықтың бағу керек қас-қабағын.
Сескенбей, болса-дағы бура бүгін,
Сынасам шенеунікті – туралығым.
Халықтың қарапайым бунағымын,
Демеймін бір мықтының туғанымын.
Ханды да Бұқар жырау сынай білген,
Ақылмен Абылай да тыңдай білген.
«Бас кеспек болса-дағы, тіл кеспек жоқ»,
Алладан тек әділдік сұраймын мен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Парнас

  • 0
  • 0

Аймақты әркім бөліп-бөліп алыпты,
Құдайларды гректерден қуғанда.
Парнас тауы тиген екен бір жанға,
Ол айдап кеп Есектерді бағыпты.

Толық

Ас деген

  • 0
  • 0

Сөзін тыңда халықтың:
Ас арқау ма, атау ма?
Айта алады анық кім,
Аузы барып атауға?

Толық

Ақын арызы

  • 0
  • 0

Ақын деген абыройлы атым бар,
Жырларымда жалын да бар лапылдар.
Асқар таудай арқа тұтып,
Алыстан

Толық

Қарап көріңіз