Өлең, жыр, ақындар

Құдайыңды ұмытсаң...

  • 22.08.2019
  • 0
  • 0
  • 623
Құдайыңды ұмытсаң,
Дүниеге құнықсаң,
Сенің кім болғаның?
Дүниеге құл болғаның.
Бірақ, білмей өзіңді.
Жұрдай қылып сезімді,
Шел басады көзіңді.
Көз алдыңды көрмейсің,
Өзіңді ғана «Мен» дейсің.
Ешкімге ерік бермейсің,
Оңды-солды сермейсің.
Құдай бәрін көріп отыр,
Пендесіне ерік беріп отыр.
Шалыс басқаныңмен,
Асып-тасқаныңмен,
Иманына бір келер деп сеніп отыр.
Сенімді ақтамасаң,
Иманыңды сақтамасаң,
Көзіңмен көрмесең,
Тозақтың барына сенбесең,
Тартып тағдыр жазасын,
Түрлі ескерту аласың:
Таппай емдік шарасын,
Қатты ауырып қаласың.
Бостандықтың білмей бағасын,
Абақтыға барасың.
Зарыңды кімге шағасың?
Ағызып көздің сорасын,
Өзіңе қолды саласың.
Соныменен тозаққа
Осы өмірде-ақ барасың.
Құдайыңды ұмытсаң,
Кімге кінә тағасың?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Телефон

  • 0
  • 0

Әлі отырмын телефонды күзетіп,
Естілмейді ешбір дыбыс ыз етіп.
Қанша уақыт күткеніме үмітті,
Кеткендей бір көктем мен жаз, күз өтіп.

Толық

Шана

  • 0
  • 0

Тысқа шығып Дүрімбек,
Қайта кірді күлімдеп:
«Қар жауып тұр, алақай!
Сырғанаймыз бүгін», – деп.

Толық

Болмаса егер жанашыр сүйенішің

  • 0
  • 0

Болмаса егер жанашыр сүйенішің,
Түрткі көріп әр жерде-ақ күйеді ішің.
Әлін білмес әлек деп әжуа етер,
Жасай қалсаң жөнсізге жүйелі сын.

Толық

Қарап көріңіз