Өлең, жыр, ақындар

Адамдық борышың

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 19
  • 164879
Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны бiл.
Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
Бiлiмсiз,
Өнерсiз,
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшiн.
Нәпсiңе билетпе
Басыңның бағы үшiн.
Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшiн.
Қайтадан қайрылып
Қауымға келмейсiң.
Барыңды,
Нәрiңдi
Тiрлiкте бергейсiң.
Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң –
Шын бақыт‚
Осыны ұқ,
Мәңгiлiк өлмейсiң!



Пікірлер (19)

Демаш

Өте адамға керек

Амина

Негізінде шәкәрім құдайбергенұлы өте дарынды ақын болған

Елдер

Бұл анық мақсат пен өмірдегі адамның жеттістігінің шағын болсада таудай түйіні

Баука

Ақын "шың бақыт" деп нені айтқысы кеьді

Тайжанова ш

Өзіне ғана емес өзгелерге де көрсете алатын қызметі

Гаухар

Шəкəрім Құдайберды атамыз өте дарынды ол кісінің бізге деген мұралары,өлеңдері өте көп

темирова шахзода

керемет

Ақсұлу

Шәкәрім атамыздың қай өлеңдерінде алып көрсеңіздерде өте мағыналы өнегеге толы. Мен әрдайым Шәкәрім атамыздың өлеңдерін өзіме мотивация етемін.

Елдос

Өте керемет бырақ авторы жазылмаған

Мадина

Шәкәрім Құдайбердіұлы деп тұр емес пе?

Мұхамедәлі

Шәкәрім ұмытылмас ақын

Елдос

Мұхамедалі дурыс айтады.

Ақын өз ойын анық жеткізген

Өте керемет

Елдос дұрыс айтады

Елдос дұрыс айтады

Дариға

Керемет өлең сөздері мағыналы.

Айсана

Осы олнди турки алипбиимен калаи жазуга болады

Болат

Шәкәрім Құдайбердіұлының Адамдық борышың атты өлеңі ұнады, нағыз ағартушы

Құралай.Ж

Өте күшті , осы өлеңмен конкурста 1 орын алдым ғой

ЖЕҢІС

ШӘКӘРІМ АТАМЫЗ ӨМІРДІ ҚАЛАИ СҮРУ КЕРЕКТІГІН ҒЫЛЫМИ ДӘЛЕЛДЕП КЕТКЕН ЕКЕН

Пікір қалдырыңыз

Жасымнан жетік білдім...

  • 2
  • 3

Жасымнан жетiк бiлдiм түрiк тiлiн,
Сол тiлге аударылған барлық бiлiм,
Ерiнбей еңбек еттiм, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыдан туып күнiм.

Толық

Жапанда жалғыз жаттым елден безiп

  • 0
  • 0

Жапанда жалғыз жаттым елден безiп,
Жалықсам, аң қараймын тауды кезiп.
Оңашада жатқанды ұнатамын,
Елiмдi ел қылмасын ерте сезiп.

Толық

Жер жүзіне қарасам...

  • 1
  • 1

Жер жүзiне қарасам,
Неше түрлi халық бар.
Дiн, иманын, санасам,
Мыңнан артық анық бар.

Толық

Қарап көріңіз