Өлең, жыр, ақындар

Қасқыр мен кірпі

  • 22.08.2019
  • 0
  • 1
  • 1035
Қасқыр жортып келе жатыр еді,
Қарыны ашқан пақыр еді.
Кім кезіксе де жеп қоймақ,
Қарыны бек тоймақ. Кенет
Құдайдың бергені –
Кірпінің шыға келгені.
Домалап кетіп барады,
Алдынан өтіп барады.
Қасқыр тап берді,
Тап берді де, жалт берді.
Кірпі домалана қалды,
Тонымен орана қалды.
Қасқырдың тұмсығы қанап қалды,
Қанын тілімен жалап та алды.
Содан соң Кірпіні түртіп көрді –
Ашылмады.
Тырнағымен жұлқып көрді –
Ашылмады.
Кірпі тон ішінен тіл қатты:
– Ашыққан екенсің тым қатты.
Алайда, түсіп әлекке,
Жеймін деп дәметпе.
Қарның ашса, аңсаған
Қой емеспін мен саған.
Жөн болар тимегенің,
Тоным толы инелерім
Атылса оқ болып,
Кетерсің жоқ болып.
Қасқыр бұл сөзден шошынып қалды,
Арам ойдан тосылып қалды.
Содан соң былай деді:
– Қолдап тұр Құдай сені.
Деп едім бір тоям ба?
Қой емессің, Қоян да.
Бірақ, қолдаушың күшті екен,
Тоның темір тісті екен,
Өтпес, сірә, тіс деген.
Алтын басым аманда,
Жөн табайын табанда,
Тыныш болсын саған да,
Саулық керек маған да.
Мен де саған тимен-ді,
Сен де атпа инеңді,
Деп Қасекең қашыпты,
Алты қырдан асыпты.
«Өзіңнен зор шықса,
Екі көзден сор шығар»
Деген мәтел осы болар,
Мұны дәйім есіне алар.



Пікірлер (1)

Болат

Әдемі жазылған, мағынасы терең

Пікір қалдырыңыз

Біздің ту

  • 0
  • 0

Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп
Туған елдің туына.

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

Туған ауылым, ата мекенім,
Қайда жүрсем, шықпайды естен.
Туған жерімді мақтан етемін.
Қырларыңда шапқылап өскен.

Толық

Бала бүркіт

  • 0
  • 0

Көктемнің бір күні еді,
Айнала әсем гүл еді.
Қолға түсті кішкентай
Түздің тағы түлегі.

Толық

Қарап көріңіз