Өлең, жыр, ақындар

Көшедегі қарындас

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1342
Қарындас, көрдік сені кеше де,
Бұралып бара жаттың көпшілік көшеде.
Керілген қасың да,
Төгілген шашың да,
Бір жігіт қасыңда.
Сен сиқырлана бір елден ерек күлесің,
Айтшы, жаным, сонда нені білесің?
Ол жігітің бе, кім өзі?
Күтіп тұр сені өмірдің не үлесі?
Қайырмасы:
Жанымдағы сен, алтын қарындасым,
Жанымдағы сен жарқын шағыңдасың,
Жанымдағы сен дейміз жаңылмасын,
Аңдай біл
Жолыңды,
Солыңды,
Оңыңды!
Көшеде көрдік сені бүгін де,
Өзгеріс байқалмайды кешегі түріңде.
Басқа жігіт қасыңда,
Аймалап басыңнан,
Мойныңа асылған.
Сен: «жаным» дейсің де,
Жайраңдайсың жанында,
Айтшы, жаным, соңғы тапқан жарың ба?
Тек осылай ма таңдауың?
Керек емес пе өмір жолын аңдауың?
Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қасиетті ана

  • 0
  • 0

Анам мені құрсағында көтерген,
Көтерген де, көңіліме от өрген.
Менің бүкіл тірлігімнің төлеуі
Анашымның құрсағында-ақ өтелген.

Толық

Махаббат – тек өмір тойы көңілсіз

  • 0
  • 0

Махаббат – тек өмір тойы көңілсіз,
Махаббат – тек жүректердің азабы.
Аз-ақ мезгіл қуандырар ол үнсіз,
Бірақ, шексіз қайғысы мен мазағы

Толық

Түлкі мен суыр

  • 0
  • 0

«Неге сонша жан ұшырдың, қарағым?» –
Деп сұрады Суырың.
Деді Түлкі: «Құрыдым!
Қашып барам құрбаны боп жаланың.

Толық

Қарап көріңіз