Өлең, жыр, ақындар

Жаңаөзен – жаңа кезең

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1695
Тоқ бола ма, аш бола ма?
Өзіне адам қас бола ма?
Ана емшек береді ме,
Жыламаса, жас балаға?
Жас баланы жылатпайық,
Абайсызда құлатпайық.
Қарап қас пен қабағына,
Әр қадамын қуаттайық.
Бала неден тосылады?
Қатарға тез қосылады.
Туған ел мен туған жердің
Абыройын асырады.
Өтіп жатыр бала кезең,
Алда әлі дана кезең.
Еліміздің бір бесігі –
Тербетілген Жаңаөзен.
Демейді ешкім азғындайық,
Ол үшін ор қаздырмайық.
Емшек сұрап жылады деп,
Жас баланы жазғырмайық.
Тал бесікті тербетейік,
Тербетейік, төрлетейік.
Ұлдар еркін бой көтеріп
Ел қатарлы ержетейік.
Елбасының өзі келді,
Жаңаөзенді көзі көрді.
Жұртшылықты жандандырған
Шын қамқорлық сөзі болды.
Ақ жарылып пәк жүректер,
Ақтарылды ақ тілектер.
Қуанышты алып ұшып,
Көкке қанат қақты кептер.
Жаңаөзен, Жаңаөзен,
Есілмен тең ағады өзен.
Ұлы байтақ елімізде
Басталды бір жаңа кезең.
Өтіп жатыр бала кезең,
Алда әлі дана кезең.
Жаңаөзен, Жаңаөзен –
Басталды бір жаңа кезең.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адамдықтан аттап қайтейін

  • 0
  • 0

Біреулерді мақтап қайтейін:
Тасынып кетер,
Басынып кетер.
Біреулерді даттап қайтейін:

Толық

Талантсыз топтарға

  • 0
  • 0

Бірін-бірі қолдағандар,
Бірін-бірі қорғағандар,
Абыройлы, ар-намысты
Адал жанды қорламаңдар.

Толық

Ойхой дүние

  • 0
  • 0

Ойхой дүние, серуен,
Адам – бір көшкен керуен.
Дүниені тастап қызық біз,
Асамыз өмір белінен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар