Өлең, жыр, ақындар

Баптаудамыз кімдерді?

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 645
Көтеріліп, көктен қарап аңғарға,
Халық қамын ойлайтұғын жан бар ма?
Өз төлі үшін, өз жері үшін жан беріп,
Өз өрісін аялаған аңдар да.
Ал, адам ше?
Қалып қойған аңнан да,
Халық қамын қаперіне алған ба?
Билік үшін, байлық үшін табанда
Барлығын да сатып кетер жалғанда.
Оның баласы нені танып болады?
Әкесінің иығына анық қонады.
Туған жердің топырағын баспаса,
Ондай бала қайда барып оңады?
Тәрбиелеп, кімді өсірдік сонда біз?
Найза емес, ұстағаны қолда біз.
Біреулерді бізбен түйреп өлтірсе,
Әкесіне жалынады: «Қолдаңыз!».
Иә, әкесі жазықсызды даттайды,
Қара ниет өз баласын жақтайды.
Ондай бала өзге түгіл өзінің
Қара басын қалайынша ақтайды?
Сонда біздер баптаудамыз кімдерді?
Сонда біздер мақтаудамыз кімдерді?
Елім, жерім деген ұғым болмаса,
Не болмақшы күндеріміз ілгергі?
Адамдардың пиғылдары өзгерді,
Өзгергенін мына құрғыр көз көрді.
Түсу үшін тура жолға тайсалмай,
Бұлқынатын, жұлқынатын кез келді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұялшақ ойыншы

  • 0
  • 0

Шулы әлемде болып едім бірде мен,
Дәлдеп айтсам – трактирге кірген ем.
Жақсы нәрсе көрмегенмен түзікті,
Карта ойыны жүріп жатты қызықты.

Толық

Ертегілер елінде

  • 0
  • 0

Бұлттар қалқып барады,
Өзен шалқып ағады.
Құстар қанат қағады,
Балалар не табады?

Толық

Есімовке

  • 0
  • 0

Ел еркесі Есімов,
Ел серкесі Есімов.
Әкім болып келді деп,
Қуанып ек қосылып.

Толық

Қарап көріңіз