Өлең, жыр, ақындар

Жанды беруші де, алушы да Алла

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2014
Ешқандай құқы жоқ
Біреу біреудің ағызуға қанын.
Алла өзі ғана алады
Пендесіне берген жанын.
* * *
Көптеген елдерде
Гуманизмге келгенде,
Адам құқығы жақсы қорғалған,
Ешкім жоқ текке қорланған.
Ал, қаржылық қылмыс жасадың ба?
«Шамадан тыс асадың ба?»
Министр болсын бәрібір,
Әділ шешер заңы тұр.
Еш кешірім болмайды,
Өлім жазасымен сорлайды.
Адам өлтірсе де,
Мемлекетке қауіп төндірсе де,
Опасыз деп Отанға,
Өлім жазасын кеседі оған да.
Ал, біде ше, бізде ше?
Бәрі, бәрі де өзгеше.
Айтар болсақ анығын,
Гуманизм деген бар ұғым.
Қанішерлер шығарып ботқасын,
Қырып кетсе де бір отбасын,
Балиғат баланы зорласа да,
Адамның арын қорласа да,
Адам құқығын қорғау керек,
Өлім жазасына бармау керек.
Ол қағида заңдалған,
Қылмыскердің жағдайы қамдалған.
Өзі өліп түспей мүрдеге,
Жата беруі керек түрмеде.
Оларға берілер тамақ бар, киім бар,
Бақылайтын қанша ұйым бар?
Қас қақпайтын күзет бар,
Мәпелеп күтер ізет бар.
Жатар орындары таза болу керек,
Тыныш ұйықтар маза болу керек.
Яғни, қанішірді өлгенше бағу керек,
Барлық жағдайларын табу керек.
Иә, емес олар қылмыскер,
Секілді нағыз тыныскер,
Саяжайда жүрген туристер...
Түрмеге жұмсалған қаржының
Кім тексеріп жатыр қоржынын?
Қылмаскерді өбектеп,
Текке баға беру керек пе?
Балабақша көп десек те,
Қаншама бөбектер
Тұр емес пе кезекте?
«Бала – біздің бағымыз,
Жарқын болашағымыз»,
Дейтін болсақ, қалғымай,
Күн кешпейік дәл бұлай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құлпырып тау бөктері

  • 0
  • 0

Құлпырып тау бөктері,
Келді өмірдің көктемі.
Көп қарадым сен бе деп,
Қарлығашқа көктегі.

Толық

Қазақстан – кеше, бүгін, ертең

  • 0
  • 0

Қазақстанның кешегісін көрмедім,
Өйткені, мен онда өмірге келмедім.
Оқыдым ғой тарихтан да аздаған,
Аталардың білем айтып бергенін:

Толық

Сен маған сенбесең

  • 0
  • 0

Сен маған сенбесең.
Еркелеп ермес ең.
Ықылас, ынтаңды
Біржола бермес ең.

Толық

Қарап көріңіз