Өлең, жыр, ақындар

Қызғаныш

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1072
Екі жеңгей қосылды,
Қосылды да жосылды:
– Еркек дегенің оңбайды,
Оған сеніп болмайды.
Әсем, сенің сылқымың,
Байқап қалдым бір күні,
Қызға қарап қырындайды,
«Қарындас» деп жымыңдайды.
Ол немені
Автобуста қызбен көрген едім.
Орнынан тырп етпеді,
Беті бүлк етпеді.
Онысы несі?
Дұрыс па есі?
Одан да ақшаны көп таппай ма?
Мына сені бақпай ма?
Саған айтқан достығым –
Бұл сенің бостығың.
Мен болсам байыма
Жүр дер ем жайыңа.
Екі аяғын бір етікке тығар ем,
Командировкаға бірге шығар ем.
Ал, сен күйеуіңе ермейсің,
Не істеп жүргенін көрмейсің, –
Деп қызыл тілмен әсерлі
Шымшылады Әсемді.
Әсем содан шилықты,
Қызғанышқа килікті.
Келе сап күйеуімен бажылдасты:
– Әй, сен кіммен қалжыңдастың?!
Қызда қандай әкеңнің құны бар?
Пірің мына мен, ұғып ал! –
Деп айқайға басты,
Күйеуі қатты састы:
– Мына сөзіңнен тіпті
Түсінбедім түкті.
Бір арызды тексеріп келуге,
Иесіне көмек беруге,
Қызмет бабымен
Есепші қызбен барып ем.
Еш нәрсе жоқ онда,
Текке қапа болма...
Ұқпады Әсем бірақта,
Бермеді маза құлаққа.
Тамағы піспеді,
Қазаны түспеді.
Кірі жуылмады,
Шаң-тозаң қуылмады.
Төсегі жиылмады,
Жағдайы қиындады.
Қабағы ашылмады,
Жанжал басылмады.
Әсемнің күйеуі ақыры,
Айран болып ақылы,
Үйінен безіп кетті,
Қаланы кезіп кетті.
Кез келген жерден тамақ ішті,
Өсектің күйігінен арақ ішті...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүркіт пен ара

  • 0
  • 0

Бақытты ғой еңбек еткен ерінбей:
Соның өзі дем берер,
Ондайларды бағалайды өңгелер,
Бірақ, өзі жүре берер көрінбей.

Толық

От жүрегім – тоғыз жолдың торабы

  • 0
  • 0

От жүрегім – тоғыз жолдың торабы,
Өткен-кеткен жолаушылар қонады.
Талайына деміккенде дем беріп,
Талайларын жылуымен орады.

Толық

Жүрші, сәулем, ауылға

  • 0
  • 0

Ауыл – әппақ арманым,
Ауыл – әппақ таңдарым.
Бір жасарып қаласың,
Көрсең алтын,

Толық

Қарап көріңіз