Өлең, жыр, ақындар

Екі қудың әңгімесі

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 921
– Сырдаңбай,
Айтшы осы бұлданбай.
Сүю деген немене?
Соған адам сене ме?
– О, достым Ерке,
Айтар болсам келте,
– Сүю деген – сүю,
Қөбелек боп күю.
Айтар болсам ұзақ,
Ол бір тұзақ
Онда сүю –
Қыздарға қырғидай тию.
Сұлуға кез тастайсың,
Сөзді былай бастайсың:
«Айналайын, жаным,
Әппақ екен тәнің.
Өзіңді көріп,
Атқандай болды таңым.
Қиылып тұр қасың,
Төгіліп тұр шашың.
Жолыңа құрбан
Құрбақа басым», –
Десең бітті,
Есең мықты:
Ерімейтін мұз жоқ,
Көнбейтін қыз жоқ.
Содан соң қайта
Сол әніңді айта,
Кетесің ұшып,
Басқаны құшып.
Махаббат деген осы –
Көңілдің хошы...
Ал, енді Ерке,
Сырыңды шерте,
Айтшы өзің расын,
Сүюді қалай ұғасың?
– Уа, достым Сырдаңбай,
Әурешілік бұл қандай?
«Сүю», «күю»,
«Ғашықтық» –
Әшейін сөз машықтық.
Ләйлі, Баян, Жібектер
Болмаған, жай тілектер.
«Үш күнін ойламаған
Әйелден без.
Үш жылын ойламаған
Еркектен без», –
Деп айтқандай бабаң,
Болса титтей санаң,
Қыздың әріне емес,
Әріге қара.
Әкесі бай болсын,
Төрт құбыласы сай болсын.
Қызына қосып беретін
Үш-төрт бөлме жай болсын.
Ауылға барсаң – жорға берсін,
Қалада қалсаң – «Волга» берсін.
Әмірі жүріп көсілсін,
Қызметіңді өсірсін.
Түсінсең, досым,
Махаббат деген осы.
Кей жігіттер жан сап,
Қуамын деп мансап,
Махаббатты осылай
Түсініп жүр жаңсақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұмбақ күшік

  • 0
  • 0

Көзін ашып алды да,
Қарады Алдан алдына.
Бір шалшыққа құлапты,
Ұзынынан сұлапты.

Толық

Базардағы жазушы

  • 0
  • 0

Базарда балық сатып жүрген
Бір досымды көріп қалдым.
Бардым да жақын бірден,
Сұрақты беріп қалдым:

Толық

Достар-ай

  • 0
  • 0

Қайдасыңдар достар-ай?
Жүремін жалғыз бос қалай?
Сағынып жүрмін сол кезді,
Қу тіршілік көңілімді қоштамай.

Толық

Қарап көріңіз