Өлең, жыр, ақындар

Арақ пен кендір

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 867
Кендірге Арақ тіл қатты:
– Мекендейсің құмдақты.
Сені іздеп ел өліп-тіріледі,
Сонда, қай жерің қымбатты?
Бөтелкені қағып иығынан,
Кендір күлді миығынан:
– Рас, сенің күшің де бөлек,
Ісің де бөлек,
Мөлдіреген түсің де ерек.
Сені ел астың атасы деп,
Сөздің батасы деп,
Үлкен пір санайды,
Жақсы шыныға құйып тұмшалайды.
Бірақ, құтыдағы диюдайсың,
Тысқа шықсаң, құйындайсың.
Ішкен адамды есінен тандырасың,
Жүрген жеріңді лаң қыласың.
Ал, мен кіммін? –
Кендірмін.
Ешкім мені күтіп-бақпайды да,
Әлпештеп жатпайды да.
Жапанда да, қырда да,
Сортаңда да, құмда да
Өз бетіммен өсе берем,
Кезкелген жерге көше берем.
Дауылға ырық бермеймін,
Ел өртеп жатса да өлмеймін.
Жеңетұғын бәрін де
Менің күшім нәрімде:
Қолданған жан нашаны,
Зор жаңалық ашады.
Арағыңнан апиын
Жүз мәртебе асады.
Желіктіріп жастарды,
Уладым мың бастарды.
Тіршілігім, тынысым
Енді ғана басталды.
Ұқсап сендей Араққа,
Күйіп-жанып сан отқа,
Жасалмаймын зауытта,
Құйылмаймын сауытқа.
Тіреп дүкен бұрышын,
Самсап, міне, тұрысың,
Бүйткен күнің құрысын.
Мені қырдан табады ел,
Керегіңше ала бер.
Сондықтан да, ұқ, күнім,
Дес бермейтін мықтымын.
Тамыр жайып тереңге,
Таралам кең әлемге.
* * *
Арақ басын шайқады,
Оған не дау айтады?
Көк езулі Кендірдің
Басып кетті сайтаны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бидай мен арпа

  • 0
  • 0

Қамбада Бидай тұрды,
Қоймаға симай тұрды.
Көп дәннің арасында
Күшіне қарасын ба?

Толық

Қол

  • 0
  • 0

Менің әппақ қолым бар,
Менің қат-қат жолым бар.
Ей, адамдар, қашанда
Тілектесім болыңдар.

Толық

Кешегі әйел емен

  • 0
  • 0

Кешегі әйел емен үнім нәзік,
От шығарам тарихтың күлін қазып.
Ұрпақтардан ұрпаққа көшіремін,
Өлмейтұғын өмірдің жырын жазып.

Толық

Қарап көріңіз