Өлең, жыр, ақындар

Солақай

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1135
Қол,
Қол болған соң сол:
Оң мен Сол.
Оңды оңқай дейді,
Солды солақай дейді.
Келгенше шамасы,
Оң қол Сол қолдың ағасы.
Оны інім дейді,
Көмекші күнім дейді.
Інісі икемсіз болса да,
Кемшілігі білінбейді:
Көп істе
Бөліске
Інісін сала бермей,
Таласқа бара бермей,
Өзі-ақ тындыра салады,
Бұтақты сындыра салады.
Отынды да жара салады,
Дүкенге де бара салады.
Сол қолды жуып-шайып,
Тырнағын да ала салады.
Ал, өзі зырлай жүріп,
Жұмыстан тынбай жүріп,
Өсіріп алды тырнағын,
Астына қонып кір қалың.
– Тырнағымды ала сал,
Сонда маған жарасар, –
Деп өтінген Оң қолға
Былай деді Сол сонда:
– Айтқаның, аға, жөн-ақ қой,
Алайда, інің олақ қой.
Өзіңе сеніп алғанмын,
Солақай болып қалғанмын.
Қайшы ұстау да мұң маған,
Білмеймін, енді кім болам?
Дей алмаймын «бүйтемін»,
Жоқ ешқандай икемім.
Ұрыс, аға, ұрыспа,
Жарамсызбын жұмысқа. –
Солақай солай сарнады,
Тырнақ та ала алмады.
* * *
Кей ата-ананың айыбы
Солақай бала өсірер.
Кезінде қайтпай қайыры,
Қартайған шақта өкінер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тіл қатады шөптер де

  • 0
  • 0

Арайланған таңдарда,
Шықшы, қалқам, аңғарға.
Самал желмен тербеліп,
Тіл қатады талдар да.

Толық

Бөшке

  • 0
  • 0

Танысына қолқа сала дос келді,
Үш-ақ күнге бере тұр деп Бөшкеңді.
Досқа деген дос көңілі керек қой,
Егер ақша сұраса, онда әңгіме бөлек қой:

Толық

Қасқыр, күшік және мысық

  • 0
  • 0

Келе жатты бір Қасқыр
Қыр үстінде жүгіріп.
Аш еді тым бұл Қасқыр,
Кеткен белі бүгіліп.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар