Өлең, жыр, ақындар

Екі көз бен бір бас

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 787
Мұрынның
Қырының
Екі жағында екі көз тұрды,
Міндеттерін сөз қылды,
Күндестіктерін қоздырды:
Оң көз күлімдеді.
Сол кезде
Сол көзге:
– Ұғын, – деді, –
Оң көзімін иемнің,
Дүниені сүйемін.
Біреудің бақшасына,
Біреудің ақшасына
Қызыға қараймын,
Бұзыла қараймын.
Бергенді жақсы көремін,
Бермесе, бақсы дер едім.
Сол көз айтты:
– Ей, інім,
Жаман екен пейілің.
Қылғу болса құлқының,
Көпке бармас бұл күнің.
Ал, мен болсам әманда,
Ардан безген адамға
Тесіле қараймын,
Өшіге қараймын.
Жалын атып, шоқ болып,
Қадаламын оқ болып.
Өңменінен өтемін,
Жүрегіне жетемін...
Бас жеткізді ойын дәл:
– Бос таласты қойыңдар.
Дүниеқоңыз ашқарақ
Шыққыр көзді ойыңдар.
Мына байтақ ғаламға,
Құбылмалы заманға
Қараңдаршы басқарақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойхой дүние

  • 0
  • 0

Ойхой дүние, серуен,
Адам – бір көшкен керуен.
Дүниені тастап қызық біз,
Асамыз өмір белінен.

Толық

Балдыздар – бал қыздар

  • 0
  • 0

Қай ауылға барсан да, кай өлкеге,
Жолығасың жайдары жан еркеге.
Балдызың боп шыққанда сол сұлулар,
Кезегіңді бересің ән еркеге.

Толық

Туған жердің тасы

  • 0
  • 0

Туған жердің тасы да қамбат маған,
Туған жерсіз таң атып, күн батпаған.
Алғаш кесіп анашым кіндігімді,
Осы жерде бесікке құндақтаған.

Толық

Қарап көріңіз