Өлең, жыр, ақындар

Күшік пен мойнақ

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1449
Қорада Мойнақ жақсы өмір сүрді,
Жан көрсе бөтен, арсылдап үрді.
Ісіне берік, кісіге сақ деп,
Басқа иттер оны мақтасып жүрді.
Тойып ап бір күн, шуақта Мойнақ
Қисайып еді жатуды ойлап.
Күшігі келіп бір сауал қойды,
Жүретін бұрын аулада ойнап:
– Отырмын келіп ниетпен ізгі,
Таластырды бір мәселе бізді.
«Төбет» деп біреу бас исе мақтап,
Неліктен біреу «Ит» дейді Сізді?
Сол кезде Мойнақ дауысын кенеп:
– Түсінсең, – деді, – мәнісі бөлек.
Жасырмай саған шынымды айтсам,
Мықтыға – итпін, әлсізге – төбет.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің ту

  • 0
  • 0

Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп
Туған елдің туына.

Толық

Төбеттің тәрбиесі

  • 0
  • 0

Өзі күшті,
Тым сұсты
Өзге иттерден бөлек
Болды бір Төбет.

Толық

Екі жігіт

  • 0
  • 0

Екі жігіт отырды бір жиында:
Бірі шағын, бірі алып денелі.
Болмаса сәл өнері,
Адамға сол қиын да.

Толық

Қарап көріңіз