Өлең, жыр, ақындар

Мен қалай мысалшы болдым?

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 670
Менің мысалшылығым
Он жасымнан басталған.
Қошеметтік қылығын
Көп көргенмін достардан.
Өйткені, мен бәрінен
Нәзік өстім әлі кем.
Осы болса несібе,
Өкпелейін несіне?
Көрінгенге ұрынып,
Жүретұғын жұлынып,
Балаларды құнығып,
Мысқылдадым өшіге...
Кезімде де ұлғайған
Тоқтаған жоқ бұл майдан:
Жалақор мен жағымпаз,
Парақор мен алымпаз,
Қасқыр сынды қорқаулар,
Жалқаулар мен аңқаулар –
Дауым болды бітпеген,
Жауым болды діттеген.
Жаза бердім сықақтап,
Осал тұстан діттеген.
Өткір тілді безедім,
Садағымды кезедім.
Жауларымның жанкешті
Екендігін сеземін.
Әрқайсысы бір тілдеп,
Қорқытады зіркілдеп.
Сөйткенімен, сұмдарды
Жеңіп келем біртіндеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бар қызығым өзіңмен

  • 0
  • 0

Бар қуаныш, бар қызығым өзіңмен.
Таса қылғым келмейді еш көзімнен.
От жанарың жүрегімді жаралап,
Тұнық түнім болды ма әсте көз ілген?

Толық

Арыстан, бөкен және түлкі

  • 0
  • 0

Ну жыныста қуды Арыстан Бөкенді,
Міне, міне, ұстады...
Ашылды аран тұста бұл,
Шынында да түскі тамақ жетерлік.

Толық

Еріншек

  • 0
  • 0

Аңдап ана көңілін,
– Қарным ашты, – деп інім,
Сұрап еді тамақты,
Ұсынды анам табақты:

Толық

Қарап көріңіз