Өлең, жыр, ақындар

Қолдаушы

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 698
Кездесіп, қол алысып,
Былай деді танысым:
«Осы сенің керемет
Қолдаушыңның бары шын.
Қашан көрсем, жұмыстан
Ауысасың жұмысқа.
Әрине, өсіп кетесің,
Осынысы дұрыс та.
Көрген адам: «Сіз! – дейді,
«Құп аламыз біз», – дейді.
Сен іздемей жұмысты,
Жұмыс сені іздейді.
Ал, бірақ та, басқалар,
Кеуде соққан қасқалар
Жұмыс іздеп сабылып,
Маңдайларын тас қағар.
Бары анық қолдаушың
Жұмыс тауып, жолдаушың.
Айтшы, достым, жасырмай,
Сонда, кім сол қорғаушың?»
«Достым, ұғып ал, – дедім, –
Адам емес әлде кім.
Қолдаушым да қорғаушым –
Жалғыз Алла жар», – дедім.
* * *
Баспақ болған мысымды,
Достым мені түсінді.
Өзі берген сұрақтан
Өзі қатты қысылды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тойымсыздың тәбеті

  • 0
  • 0

Ала берсем, ала берсем,
Қалтама сала берсем.
Лауазымды аға көрсем,
Қол қусырып бара берсем,

Толық

Менің музам

  • 0
  • 0

Қанағат қып өзімде барға деген,
Жазбадым жалтақ өлең, заржақ өлең.
Оған менің жыртық жең жырым куә,
Бір жолыңды саудаға салған емен.

Толық

Теңгебай мен Шөңгебай немесе қымыз хикаясы

  • 0
  • 0

Қымызым бар дәмі бал,
Кел, ішіп көр, дәмін ал.
Қуат қосқан қуатқа
Дәріге тән мәні бар.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар