Өлең, жыр, ақындар

Қойдым

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1277
– Арақты қойдым, бауырым.
– Мәнісін айтшы, ау, інім?
– Өйткені, арақ өлген ғой,
Өлетін кезге келген ғой.
– Табылмаса да тамағың,
Толып тұр емес пе арағың?
– Толғаны толып тұр-ау,
Бәрі самопал болып тұр-ау.
Арақ деген аты ғана,
Жасалатын затын қара:
Шарап дегенің шалап қана,
Қосылмайды санатқа да.
Коньяк дегенің жай ғана
Спирт қосылған шәй ғана.
Арақ дегенің су болып шығады,
Не у болып шығады.
Оны ішкен адам жатып қалады,
Не арам қатып қалады.
Оны ішіп өле қалғанша,
Қатыным көме салғанша,
Біраз жүре тұрайын,
Өмір сүре тұрайын.
Мүмкін, заман оңалар,
Самопалдар жоғалар.
Коньяк пенен бальзамдар,
Арақтар да арзандар.
Ішсем, сонда ішіп көрермін,
Өлсем, таза арақтан өлермін.
Қазірше қойдым,
Самопалға тойдым.
Осы ішкенім де жетеді,
Ішпесем, тіпті, не етеді?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жан дүнием

  • 0
  • 0

Жан дүнем ізгіліктен жаралған,
Жүрегімнен күн шуағы таралған.
Адамдарды ардақ тұтып, аялап,
Тек жақсылық жасай беру – бар арман.

Толық

Алтын адам

  • 0
  • 0

Баяғы замандардан Есік қорған –
Сақтарға атамекен бесік болған.
Асқарлы Алатаудың аясында
Бабалар өмір сүріп, өсіп-толған.

Толық

Есек пен мұжық

  • 0
  • 0

Мұжық жазда егінге
Бір Есекті жалдады.
Жолатпау ғой құс біткенді тегінде,
Ұқты Есек істер ісін алдағы:

Толық

Қарап көріңіз