Өлең, жыр, ақындар

Шапан

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1367
Алпысқа толып Алпысбай,
Жамылды шапан алпыстай.
Дос-жарандар баршылық,
Жасады, бірақ, таршылық:
Шапан деген күй бола ма?
Салынатын үй бола ма?
Марыдымды сый бола ма?
Одан да бір «Вольваны»,
Немесе бір «Волганы»
Сыйлағаны жөн еді,
Күткені де сол еді.
Амал не, Алтекеңнің бағасы да,
Елдің қазіргі шамасы да.
Өзге түгіл өз баласына
Күші жетпей қарасуға,
Қарап қалған жоқ па қара суға.
Алпысбай, алайда, айла тапты,
Шапаннан да пайда тапты:
Базарға апарып сатып жүрді,
Ақшаға белшеден батып жүрді.
Жиналған теңге олжа болды,
Көнелеу бір «Волга» болды.
Ол да болса көлік қой,
Аз да болса желік қой,
Алтекеңді енді көріп қой.
Осылайша тасынып жүр,
Жетпісін тойлауға асығып жүр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаттанайық, кәнеки

  • 0
  • 0

Ақылыңа жарасымды
Көрген күннен көрінді,
Асау жүрек аласұрды,
Алып қойдың еркімді.

Толық

Тоқтар мен Сотқар

  • 0
  • 0

Әубәкіров Тоқтарым –
Еш теңдесі жоқ дарын.
Тұңғыш болып қазақта
Салды ғарыш соқпағын.

Толық

Мен қалай мысалшы болдым?

  • 0
  • 0

Менің мысалшылығым
Он жасымнан басталған.
Қошеметтік қылығын
Көп көргенмін достардан.

Толық

Қарап көріңіз