Өлең, жыр, ақындар

Үш бидің жер бөлуі

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4595
Қазақта үш би бопты ел қалаған,
Аузына не айтар деп жұрт қараған.
Әз Төле, Қаз дауысты Қазыбек би,
Әйтеке – үшеуінен сөз тараған.
Үшеуі ақылдасып жер бөледі,
Үлкен деп Ұлы жүзге жол береді.
«Әз Төле, қалау сізге берілді» – деп
Әйтеке, Қазыбек би тең келеді.
Төле би таңдап апты Алатауды,
Ол кезде мекендеген Қаратауды.
Сол заман халық қандай ынтымақты
Қазаққа үш-ақ кісі айтқан қаулы.
Қазыбек Сарыарқаға ие бопты,
Айтқаны елге сондай жүйе бопты.
Жайық пен Маңғыстауды Әйтеке алып,
Халыққа құтты қоныс майдай жақты.
Үш бидің толып жатыр өсиеті,
Үлгі боп елге істеген әділеті.
Болса да талай ғасыр өлгеніне,
Қалған жоқ ел аузынан қасиеті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұмагүл

  • 0
  • 0

Жылқының мейіз қара төбеліндей,
Аузың бар шынаяқтың-еу кемеріндей.
Шашыңды он екіден талдап өрген,
Базардың кезі алпыс сом жібегіндей.

Толық

Арқалық батыр

  • 0
  • 1

Ел еді егіз жатқан керей, найман,
Шығады сөз болмаса мизан* қайдан.
Қазақтың хан билеген заманында
Жау бопты қазақ, қалмақ барымта алған.

Толық

Қыйлаш

  • 0
  • 0

Қарағым, айналайын, өкпем деймін,
Естілсе жаман атың, өкпелеймін.
Лебізің өзің берген өзің жұтсаң,
Зәбірің басылмайды көпке дейін.

Толық

Қарап көріңіз