Өлең, жыр, ақындар

Артықшылық

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1108
Сабын үшін жұлқысып,
Бір-бірімен қырқысып,
Жатқан жұртты көрді де,
Бір жас жігіт келді де,
Кетті ішіне енді де.
Бірін кері итеріп,
Бірін бері итеріп,
Ашулантып апаны,
Қатулантып атаны,
Сатушыға тақады.
Сол кез тұрып шал айтты,
Айтар сөзін дәл айтты:
– Айналайын құлыным,
Бұл не деген қылығың?
Сенен басқа жан жоқ па?
Қарасаңшы жан-жаққа.
Кәрі де бар, жас та бар;
Сен секілді оспадар
Киліксе кеп тосыннан,
Өз кезегін тосынған
Не бітірмек басқалар?
Суырып жігіт қалтадан,
Көрсетті бір куәлік.
Қалтылдаған қарт адам
Тұрып қалды қуарып.
Жігіт кетті селкілдеп:
– Тұрсың мені сен кім деп?
Болғам Ауғанстанда,
Оқ жаудырғам дұшпанға.
Атқан бізді олар да,
Қарамаған обалға –
Көп достарым жоғалған.
Жұқартып жас жүйкені,
Бойымдағы күй кеміп,
Елге әрең оралғам.
Міне, мына куәлік
Сол ерліктің айғағы.
Куәлікпен ұн алып,
Жей бер деген май-дағы.
Керек десең, мұнымен
Машина да, жай да алам.
Қатын алып ұлымен,
Атаманға айналам....
* * *
Байқұс бала біртіндеп
Екіленді, лепіріп.
Зеңбіректей зіркілдеп,
Аузы кетті көпіріп.
Жас жігітке қысылған
Қарады қарт шошына.
Ауғанстан ұсынған
Артықшылық осы ма?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көшені атау қиын ба?

  • 0
  • 0

Қазақстанда неше мың
Атын атап көшенің,
Қазақшаға келтіру,
Оңай емес көндіру.

Толық

Киелі қан

  • 0
  • 0

Адамға керек тек тыныштық,
Шаршаса шаршасын жұмыс қып.
Не керек бұл дарқан өмірде
Өзара ұрыс қып?

Толық

Айсұлу

  • 0
  • 0

Айсұлу,
Айдай сұлу ақ реңді,
Күніне қырық құбылған лағыл өңді.
Сырнайдай сыңғырлаған үніңді естіп,

Толық

Қарап көріңіз