Өлең, жыр, ақындар

Ұсыныс

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 622
Атышулы Құрым
Айтып барлық сырын,
Ғашығына хат жолдады:
«Сәулем, саған тап болғалы,
Ойымнан бір кетпей қойдың,
Уақытым өтпей қойды.
Күндіз күлкім қашты,
Түнде ұйқым қашты.
Жаралғансың керім болып,
Елестейсің перім болып.
Әсіресе, сенбіде анау,
Секілді едің сен бір алау...
Бар тағдырым қолыңда тұр,
Тілегімді орында бір:
Үйленейік, жайланайық,
Бір қазыққа байланайық.
Өзің сұлу толған айсың,
Маған шықсаң, қор болмайсың.
Ханға лайық сарайым бар,
Сарай толы торайым бар.
Өзен жақта бақшам да бар,
Машинам да, ақшам да бар...
Сырым осы біле білсең,
Жалғыз ғана тілегім сен.
Бір көргеннен ғашық қылдың,
Тием десең – асық құрбым.
Әйтпесе, аузың қағылады,
Басқа бір қыз табылады».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Егінімді ерте қамдап

  • 0
  • 0

Егінімді ерте қамдап,
Ерте екпей,
Тәтті тағам татқаным жоқ тер төкпей.
Жасандылық жасамадым жалғанда,

Толық

Жақындаған ақырзаман

  • 0
  • 0

Айтыпты бір ақылды адам:
«Жер астынан кеніш түгел
Шыққан кезде жер үстіне,
Болады, – деп, – ақырзаман».

Толық

Мәңгірген Мәкең

  • 0
  • 0

Мәкең бастық нар еді,
Жаратушы жар еді.
Мекемеде мінетін
Машинасы бар еді.

Толық

Қарап көріңіз