Өлең, жыр, ақындар

Мұратбекке

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 607
(Достық әзіл)

Бізге берген уәдең ойыңда жоқ:
Өгіз соям деп едің, қойың да жоқ.
Той жасаймыз іс бітсе деген сөзге
Күдіктене қараймыз ойын ба деп.
Насихатың жөнінен Рәтбектен
Бір елі де түспейсің, Мұратбек, кем.
Рахатын өздерің көрмесеңдер,
«Мәдениеттің*» тірлігі жұмақ деп пе ең?
Отырайық бас қосып, кеш те болса.
Өгіздің де, қойдың да керегі жоқ,
Жетіп жатыр сыралы бөшке болса.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәңгілік мекен

  • 0
  • 0

Жас нәресте көзін алғаш ашқанда,
Қадалады жарық дүние аспанға.
Содан кейін аялайды анасын,
Жақын тартып бауырына басқанда.

Толық

Жазушылар одағы

  • 0
  • 0

Қасиетті шаңырақ –
Жазушылар одағы.
Жыр алауын жағып ап,
Бастайын бір оданы.

Толық

Топ-топ, балақан

  • 0
  • 0

Біздер – үйдің гүліміз,
Біздер – үйдің күніміз.
Ата-анаға қуаныш,
Біздің әсем үніміз.

Толық

Қарап көріңіз