Өлең, жыр, ақындар

Кім қандай ғұмыр кешкен

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1154
Отыз бес жыл,
Отыз бесінші көктемім.
Отыз бес жыл – уақыт қой көп керім.
Отыз бес жыл қуарып,
Отыз бес жыл көктедім...
(М. МАҚАТАЕВ. Таңдамалы, 1-том «Жазушы»,1982 ж.35-бет)

Жиырма бес жыл,
Ширек ғасыр бір заман.
Дәуір өткен сайқымазақ, қылжалаң,
Көбіміз кеп құшақтасып жатырмыз,
Көкіректі күлкі билеп ыржалаң...
(С. ОСПАНОВ. Жанарымда жан сырым. «Жазушы», 1984 ж. 29-бет)

Марқұм Мұқаң отыз бес жыл көктеген,
Одан соң да күні босқа өтпеген.
Бірде күліп, бірде жылап баладай,
Тебіреніп төге берген отты өлең.
Ал, Сейфолла?
Жиырма бесте тым жалаң,
Жүре берген күлкі буып ыржалаң.
Таба алмаса өз арнасын жырлары,
Ақын үшін бәрінен де бұл жаман!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңшы

  • 0
  • 0

Ертіп алып күшігін,
Киіп алып ішігін,
Інім кетті орманға,
Аң көп дейді ол маңда.

Толық

Мен өлсем...

  • 0
  • 0

Мен өлсем, жамағаттар, жиналмаңдар,
Мен үшін уақытша қиналмаңдар.
Біреулер жыламсырап сөз сөйлесе,
Егіліп тұр екен деп иланбаңдар.

Толық

Қыркүйек таңы

  • 0
  • 0

Қыркүйектің таңы атты,
Алтын нұрын таратты.
Ерте тұрып мамасы,
Киіндірді Маратты.

Толық

Қарап көріңіз