Өлең, жыр, ақындар

Қиял қиясында

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1639
Өмірде сірә бар ма екен
Көңілден жүйрік, көңілден?
Бар дүние, бар мекен
Қиялға бірден көрінген.
Бақытқа бөлеп бір қанша,
Жетектеп алып дәмеңді,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Айналып шығар әлемді.
Адамның нәзік жүрегі
Қиялды қуып мінеді.
Қай жерде болса тілегі,
Сол жерді кезіп жүреді.
Сонау бір өткен заманда
Жақсы өмір іздеп адамға,
Қиялы самғай бабам да,
Сапар шеккен ғаламға.
Адамзат жерден әлі де
Аяғын тарта алмаған,
Құр қиял еді бәрі де
Құс болып көкке самғаған.
Кетпеді бекер бірақ та
Адамның арман, қиялы.
Жеткізіп ақыр мұратқа,
Жеңгізіп берді қияны.
Арманды ақтап ал енді,
Жұлдызға қадап жанарын,
Айналып өтті әлемді
Шаруа ұлы Гагарин.
Артынша тағы тани қап
Азамат Герман Титовты,
Тамылжып тұрған табиғат
Күмбірлеп күшті күй төкті.
Қуаныш қайнап жүректе,
Көңілдің жыры тасиды.
Өйткені түпсіз түнек те
Адамға бүгін бас иді.
Сеніммен айтқан болатын
Циалковский бабамыз:
«Айға да барып қонатын
Қыранша қанат қағамыз».
Шындыққа шықты ал енді
Кешегі айтқан бар аңыз.
Айналды тағы әлемді
Андриян, Павел ағамыз.
Дүние тегіс елеңдеп,
Құлағын түрді, дүр етті.
Батырлар біздің тереңдеп,
Тексере берді түнекті.
Керемет болып көрінген
Жер жатты сонда доптай боп.
Батырлар көктің терінен
Шалынды көзге шоқтай боп.
Самғады олар, самғады,
Сыр ашып талай жұмбақты.
Жолдастай жақын маңдағы
Космос Жерге тіл қатты:
«Мекені болған адамның
Бір бөлек жатқан Жер едің.
Ортасы барлық ғаламның
Жалғыз-ақ өзім дер едің.
Адамның алып ақылы
Жеңді де түгел жақынды,
Әлемді шарлап ақыры
Ракета болып атылды.
Емессің жалғыз енді сен,
Жан-жағың толы таныстар.
Шақырды достық белгімен
Меркурий, Шолпан, Марстар.
Қиялдың қия шыңында
Самғады адам, самғады.
Батырлық жасап шынында,
Көк пенен Жерді жалғады.
Құдайға сеніп не керек,
Құдайда қанша қақың бар?
Адамда барлық керемет,
Адамда алып ақыл бар!
Табылып көктен Жер теңі,
Түрілді түнек түндігі.
Кешегі айтқан ертегі –
Бүгінгі күннің шындығы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Май мен баламса

  • 0
  • 0

Мақтанды бірде Баламса:
«Тәттімін, – деп, – Майменен».
Май тұрып сонда адамша
Жауап қатты жайменен:

Толық

Еріншек

  • 0
  • 0

Аңдап ана көңілін,
– Қарным ашты, – деп інім,
Сұрап еді тамақты,
Ұсынды анам табақты:

Толық

Менің әкем кім?

  • 0
  • 0

Кеткен бала көшеге
Долданып жылап келді.
Жалғыз жебеу шешеге:
Әкем кім? – деп сұрақ берді.

Толық

Қарап көріңіз