Өлең, жыр, ақындар

Шал, бала және есек

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1841
Еңбегімен күн кешіп,
Шал мен бала мінгесіп,
Жүрген еді есекпен,
Жұрт қарады кім десіп.
– Жарандар-ау, жарандар,
Тамашаға қараңдар.
Мінгесіпті есекке, –
Деп күлісті адамдар.
Бұл сөзді алып есепке,
Шаршаған шал десек те,
Өзі түсіп, баласын
Отырғызды есекке.
– Жарандар-ау, жарандар,
Тамашаға қараңдар.
Несі екен, – деп, – мұнысы,
Тағы күлді адамдар.
Бұл сөзді алып есепке,
Ақылды шал десек те,
Түсірді де баласын,
Өзі отырды есекке.
– Жарандар-ау, жарандар,
Тамашаға қараңдар.
Несі екен, – деп, – мұнысы,
Тағы күлді адамдар.
Бүл сәзді алып есепке,
Шаршады олар десек те,
Екеуі де осы жол
Отырмады есекке.
– Жетегінде есегі,
Қыдырып күн кешеді.
Егер мініп жүрмесе,
Есектің бар не себі?
Жарандар-ау, жарандар,
Тамашаға қараңдар.
Несі екен, – деп, – мұнысы,
Тағы күлді адамдар.
Қорлық бар ма бұ сынды?
Шал мен бала қысылды.
Арқалады есекті,
Қөрсетем деп күшімді.
– Жарандар-ау, жарандар,
Тамашаға қараңдар.
Несі екен, – деп, – мұнысы,
Тағы күлді адамдар.
Шал қарғап бұл тірлікті,
Көзден жасын ырғытты.
Қарғып түсіп арқадан,
Сонда есекке тіл бітті:
– Шалым – ием, қалыма,
Сөз мәнісі арыда.
Күле берсін күлгендер,
Кір жуымас арыңа.
Не демейді еріккен,
Жұмысы жок желіккен.
Ермек үшін күледі,
Деме, шалым, неліктен?
Есек дейді атымды,
Арам дейді затымды.
Тек күшімді адал деп,
Бола қалмақ ақылды.
Сені ақымақ санайды,
Айуанға балайды.
Сондықтан да біздерге
Тамашалап қарайды.
Тым дөрекі сөздері,
Нағыз есек өздері.
Енбек етпей ерігіп,
Өсектейді өзгені.
Оған көңіл бөлмегін,
Бос желікке ермегін.
Адал ақы, маңдай тер,
Көгертеді енбегің.
Ал, үстіме мініңдер,
Алға қарай жүріңдер.
Еңбек етсең ерінбей,
Сонда есекке тіл бітті:
– Шалым – ием, қалыма,
Сөз мәнісі арыда.
Күле берсін күлгендер,
Кір жуымас арыңа.
Не демейді еріккен,
Жұмысы жок желіккен.
Ермек үшін күледі,
Деме, шалым, неліктен?
Есек дейді атымды,
Арам дейді затымды.
Тек күшімді адал деп,
Бола қалмақ ақылды.
Сені ақымақ санайды,
Айуанға балайды.
Сондықтан да біздерге
Тамашалап қарайды.
Тым дөрекі сөздері,
Нағыз есек өздері.
Енбек етпей ерігіп,
Өсектейді өзгені.
Оған көңіл бөлмегін,
Бос желікке ермегін.
Адал ақы, маңдай тер,
Көгертеді енбегің.
Ал, үстіме мініңдер,
Алға қарай жүріңдер.
Еңбек етсең ерінбей,



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екі кезең

  • 0
  • 0

Отан қорғау қарыз боп,
Яғни, парыз боп,
Оған ешкім қарсы шыға алмады,
Бірақ, бір әке шыдамады.

Толық

Ақын мен әкім

  • 0
  • 0

Жамбыл облысына қарасты
Ауданына Таластың
Келіпті деп барып ем
Жаңа әкім жарасты.

Толық

Алыста сенің тұрағың

  • 0
  • 0

Алыста сенің тұрағың,
Көрмедем, қалқам, көп айлар.
Жайқалтып жасыл құрағын,
Жапырақ жайды тоғайлар.

Толық

Қарап көріңіз