Өлең, жыр, ақындар

Естірту, тоқтау, көңіл айту

  • 29.08.2019
  • 0
  • 1
  • 13648
Аққу ұшып көлге кетті,
Ақ сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ,
Бәріміз баратын жерге кетті.
Арғымақтың тұяғы
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер.
Тозбасты ұста соқпас,
Өлместі құдай жаратпас.
Өлмейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Өлмесе, ата-бабаларымыздың
Бәрі қайда кетті?!
Құдай алдынан жарылқасын!
Жаны жаннатта болсын!
Топырағы торқа болсын!
Қаза қайырлы болсын!
Арт жағына қайыр-берекесін берсін!
Жасамаған жасын балаларына берсін!
Ат тұяғын тай басар,
Орнында бар оңалар.
Болмасқа болаттан берік бол!
Жақсы пенде басына
Іс түскенде бекінер.
Жаман адам басына
Іс түскенде өкінер.
Тұлпардың тұяғы кетіледі,
Қыранның қанаты сетіледі.
Бүтін тұратын дүние жоқ!
Адамның көңілі бірде толады, бірде солады.
Ақырын Алла оңғарсын,
Ақиретте шапағатшы болсын!
Құдай бергенін алса да,
Берерін алмасын!



Пікірлер (1)

Жанко

Әкем кетті бел асып, беліне белбеу жарасып, Айтып айтпай отырмай, отырған орныңнан тұра алмай
Жайалмадым қанатты
Аттың шабысы жанатты
Анаң отқан тай мекен
Қой артынан ол кетті

Пікір қалдырыңыз

Әлима-ай

  • 0
  • 0

Өсіп тұрған тоғайда мия ма екен,
Қызыл камзол үстіңе сия ма екен.
Қыз да болса әкеңнің ұлындайсың,
Омыртқаның ішінде жұлындайсың.

Толық

Қара сиыр

  • 0
  • 0

Біздің Бипыл жүр ме екен есен-аман, а-хау,
Бейнетімді ұмытам, сені көрсем.
Ахау, тәнім,
Талма, менің жаным.

Толық

Қара қия

  • 0
  • 0

Келемін тау қиялап төмендетіп,
Құйрығын көкшолақтың сүмеңдетіп.
Түскенде сен есіме асыл еркем,
Қоямын атыңды атап өлеңдетіп.

Толық

Қарап көріңіз